https://sputnik.kz/20220228/elorda-gaz-aleumettik-komek-23173136.html
Елордада газ тартуға арналған әлеуметтік көмек мөлшері артады
Елордада газ тартуға арналған әлеуметтік көмек мөлшері артады
Sputnik Қазақстан
Көлгіновтың сөзінше, газдандырудың маңызды бөлігінің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету 28.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-28T19:59+0500
2022-02-28T19:59+0500
2022-02-28T19:59+0500
елорда тынысы
газ
алтай көлгінов
https://sputnik.kz/img/1340/08/13400833_0:103:3277:1946_1920x0_80_0_0_e9fc8023218e67e0fd18ea55c18441dd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Елордада газ тартуға арналған әлеуметтік көмек мөлшерін 400 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Оның айтуынша, газдандыру жұмысы қаланың экологиясына оң әсерін тигізеді."Өздеріңіз білетіндей, ауа температурасы төмендеген күндері қаланы қою түтін тұмшалап тұрады. Бұл – жекеменшік секторлар жаққан көмірден пайда болатын түтін. Қала экологиясының айтарлықтай жақсаруы үшін жекеменшік секторлар толықтай газға көшуі тиіс. Қазір 3 мыңға жуық отбасы өз үйіне газ орнатты. Бұл осынша отбасы газ жақпайды дегеннің белгісі. Бұл – шамамен 40 мың тонна көмір. Газға қосылатын үйлер саны күн санап көбейіп келеді. Сол сияқты ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығын газға ауыстырдық", - деді әкім.Көлгіновтың сөзінше, жұмыстың маңызды бөліктерінің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету."Газдандыру жұмысы басталғалы осы санаттағы отбасыларға арнап үйін газға көшіру үшін әлеуметтік көмек көрсету тетігін енгіздік. Осы санаттағы отбасыларға бүгінге дейін 90 АЕК мөлшерінде қаржылай көмек көрсетіліп келген – бұл 260 мың теңгеден астам соманы құрайды. Енді әлеуметтік көмек мөлшерін 130 АЕК-ке дейін, яғни 400 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бастама жақын арада қалалық мәслихаттың қарауына енгізіледі", - деді қала басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1340/08/13400833_272:0:3003:2048_1920x0_80_0_0_8612e703bc637cd7ea3b9a48bee708e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, алтай көлгінов
Елордада газ тартуға арналған әлеуметтік көмек мөлшері артады
Көлгіновтың сөзінше, газдандырудың маңызды бөлігінің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Елордада газ тартуға арналған әлеуметтік көмек мөлшерін 400 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік желідегі
парақшасында жазды.
"Елордада жекеменшік секторды газдандыру жұмысы жүріп жатыр. Қазір Алматы, Сарыарқа аудандары толығымен газдандырылды. Осы мақсатта 680 км-ден астам газ тарату желісі салынды, бұл желілер 9 елді мекенге жеткізілді. Ал қалған екі аудан бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", - деді ол.
Оның айтуынша, газдандыру жұмысы қаланың экологиясына оң әсерін тигізеді.
"Өздеріңіз білетіндей, ауа температурасы төмендеген күндері қаланы қою түтін тұмшалап тұрады. Бұл – жекеменшік секторлар жаққан көмірден пайда болатын түтін. Қала экологиясының айтарлықтай жақсаруы үшін жекеменшік секторлар толықтай газға көшуі тиіс. Қазір 3 мыңға жуық отбасы өз үйіне газ орнатты. Бұл осынша отбасы газ жақпайды дегеннің белгісі. Бұл – шамамен 40 мың тонна көмір. Газға қосылатын үйлер саны күн санап көбейіп келеді. Сол сияқты ЖЭО-1 және ЖЭО-2-дегі барлық су жылыту қазандығын газға ауыстырдық", - деді әкім.
Көлгіновтың сөзінше, жұмыстың маңызды бөліктерінің бірі – әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету.
"Газдандыру жұмысы басталғалы осы санаттағы отбасыларға арнап үйін газға көшіру үшін әлеуметтік көмек көрсету тетігін енгіздік. Осы санаттағы отбасыларға бүгінге дейін 90 АЕК мөлшерінде қаржылай көмек көрсетіліп келген – бұл 260 мың теңгеден астам соманы құрайды. Енді әлеуметтік көмек мөлшерін 130 АЕК-ке дейін, яғни 400 мың теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл бастама жақын арада қалалық мәслихаттың қарауына енгізіледі", - деді қала басшысы.