Диетолог таңғы асқа не жеуге болмайтынын айтты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуТаңғы ас
Таңғы ас - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Диетолог қандай өнім адамның сырт келбетіне кері әсер етуі мүмкін екенін, сондай-ақ артық калориядан қалай аулақ болуға болатынын айтты
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Америкалық диетолог Холли Кламер таңғы ас үшін ең зиян өнімдерді атады.
Сарапшының сөзінше, үйде әзірленген кекс пен маффиндер дәмді және пайдалы тағам болуы мүмкін, алайда дүкен сөрелеріндегі немесе кафелердегі кекстер өте зиян.
Бұл көп жағдайда тұрақты түрде таңғы асқа немесе тәулік ішінде кекс жейтіндерге қатысты.
Кламер кейінгі жылдары жаппай сатуға арналған маффиндердің салмағы мен калориясы едәуір артқанын атап өтті.
"Егер бұрын кекстің салмағы шамамен 40 грамм болса, қазір оның салмағы 100 грамнан да көп болуы мүмкін. Дүкенде немесе кафеде алынған мұндай кекстердің құрамында 500-ден 700 килокалорияға дейін болады", - дейді диетолог.
Оның сөзінше, дүкендегі кекстің құрамында пайдалы зат аз, алайда тазартылған ұн мен қант көп. Ол көбінесе ағзадағы қабынуды тудыратын зиянды омега-6 май қышқылдары бар тазартылған майға дайындалады, деп жазды eatthis.com сайты.
Маман құрамына назар аударып, кексті үйде пісірсе, таптырмас таңғы ас болатынын айтты.
Жаңалықтар
0