https://sputnik.kz/20220228/darigerler-medbikeler-zhalaqy-23162110.html
Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі
Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі
Sputnik Қазақстан
Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде 28.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-28T14:54+0500
2022-02-28T14:54+0500
2023-08-10T12:26+0500
денсаулық
жалақы
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_028bb4d962af9bcf25ff82e44edcec6f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Биыл дәрігерлердің жалақысы 415 мың теңгеге, ал медбикелердікі 208 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, қазір елдің денсаулық сақтау жүйесінде 76 400 дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар. Ал 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 249 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда. Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленгенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744459_97:0:2348:1688_1920x0_80_0_0_5e428f2bb01a27da4ea8ea1e90c0ef0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы, дәрігер
Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі
14:54 28.02.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Биыл дәрігерлердің жалақысы 415 мың теңгеге, ал медбикелердікі 208 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, қазір елдің денсаулық сақтау жүйесінде 76 400 дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.
"Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, биыл дәрігерлердің еңбекақысын 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің айлығын 20%-ке арттыру көзделген. Бұл тиісінше 415 мың теңгені және 208 мың теңгені құрайды", - деді Ғиният министрліктің алқа отырысында.
Ал 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 249 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленгенін атап өтті.