https://sputnik.kz/20220228/buu-bas-khatshysy-europalyq-kenes-23149970.html
Адам құқықтары жөніндегі кеңес: ресейліктер жиынға бара алмай отыр
Адам құқықтары жөніндегі кеңес: ресейліктер жиынға бара алмай отыр
Sputnik Қазақстан
БҰҰ мен ұйымның бас хатшылығы мәселені қарастырып жатыр 28.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-28T10:39+0500
2022-02-28T10:39+0500
2022-02-28T10:52+0500
әлем
бұұ
еуропа
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1c/18519260_0:0:3191:1796_1920x0_80_0_0_b6a05aa05089f335767fc6b0963f37cc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш жексенбіде екі рет Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишельмен хабарласты. Ол Ресей делегациясының Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысына келуіне рұқсат ету мәселесін шешпек болған, деп хабарлады РИА Новостиге БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрнің ресми өкілі Мария Захарова БҰҰ Ресей делегациясының Женеваға келуін қамтамасыз ете алмайтынын айтқан болатын.Оның айтуынша, елдер өз аумағынан ресейліктердің ұшып өтуіне рұқсат бермей отыр. Дегенмен БҰҰ мен ұйымның бас хатшылығы мәселені қарастырып жатыр. Захарованың айтуынша, олар "әсіресе әлем үшін дағдарыс жағдайында БҰҰ штаб-пәтеріне, оның Женевадағы бөлімшесіне делегацияның баруын қамтамасыз етуге тиіс"."Күні бойы (жексенбі) Бас хатшы Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігімен байланыста болды. Олар осы жағдайға байланысты көмек сұрады. Бас хатшы ұйымға мүше мемлекеттерден ұшуға рұқсат алуға жауапты емес. Бірақ тиісті еуропалық билік органдарымен хабарласты. Бас хатшы бүгін екі рет Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишельмен сөйлесуге тырысты (жексенбіде – ред.)", - деді Дюжаррик.
https://sputnik.kz/20220228/qazaqstan-ukraina-asker-23146003.html
еуропа
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/1c/18519260_648:0:3191:1907_1920x0_80_0_0_68e4c66181d6333c3d8703a125ab5cf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ ресей россия оон спч украина
бұұ ресей россия оон спч украина
Адам құқықтары жөніндегі кеңес: ресейліктер жиынға бара алмай отыр
10:39 28.02.2022 (жаңартылды: 10:52 28.02.2022) БҰҰ мен ұйымның бас хатшылығы мәселені қарастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш жексенбіде екі рет Еуропа кеңесінің басшысы Шарль Мишельмен хабарласты. Ол Ресей делегациясының Женевадағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысына келуіне рұқсат ету мәселесін шешпек болған, деп хабарлады
РИА Новостиге БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик.
Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрнің ресми өкілі Мария Захарова БҰҰ Ресей делегациясының Женеваға келуін қамтамасыз ете алмайтынын айтқан болатын.
Оның айтуынша, елдер өз аумағынан ресейліктердің ұшып өтуіне рұқсат бермей отыр. Дегенмен БҰҰ мен ұйымның бас хатшылығы мәселені қарастырып жатыр.
Захарованың айтуынша, олар "әсіресе әлем үшін дағдарыс жағдайында БҰҰ штаб-пәтеріне, оның Женевадағы бөлімшесіне делегацияның баруын қамтамасыз етуге тиіс".
"Күні бойы (жексенбі) Бас хатшы Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігімен байланыста болды. Олар осы жағдайға байланысты көмек сұрады. Бас хатшы ұйымға мүше мемлекеттерден ұшуға рұқсат алуға жауапты емес. Бірақ тиісті еуропалық билік органдарымен хабарласты. Бас хатшы бүгін екі рет Еуропалық кеңес басшысы Шарль Мишельмен сөйлесуге тырысты (жексенбіде – ред.)", - деді Дюжаррик.