Білім

"Болашақ" стипендиясы бойынша оқуға болатын шетелдік университеттер саны өседі

© Sputnik / Владислав Воднев"Болашақ" стипендиясы логотипі бар журналдар
Болашақ стипендиясы логотипі бар журналдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Тізімге 20-дан астам халықаралық оқу орны қосылды
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсуге болатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі кеңейеді. Білім және ғылым министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірледі.
Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланған.
Шетелдік жоғары оқу орындары тізіміне тағы 20-дан астам университет қосылды.
Атап айтқанда:
Сент-Эндрюс университеті, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі
Белфасттағы Квинс университет, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі
Лестер университеті, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі
Гамбург университеті, Германия
Дрезден техникалық университеті, Германия
Тринити колледжі (Дублин), Ирландия
Барселона Университеті, Испания
Болон университеті, Италия
Монреал университеті, Канада
Батыс Онтарио университеті, Канада
Эйндховен техникалық университеті, Нидерланд корольдігі
Неймген университеті, Нидерланд корольдігі
Твенте университеті, Нидерланд корольдігі
Окленд университеті, Жаңа Зеландия
"Экономика жоғары мектебі" Ұлттық зерттеу университеті, Ресей
ИТМО Ұлттық зерттеу университеті, Ресей
"МИСиС" ұлттық зерттеу технологиялық университеті, Ресей
Аризона мемлекеттік университеті, АҚШ
Нотр-Дам университеті, АҚШ
Аалто университеті, Финляндия
Политехникалық мектеп (Париж), Франция
Пхохан ғылым және технология университеті, Корея Республикасы
Улсан ұлттық ғылыми-техникалық институты, Корея Республикасы
Хоккайдо университеті, Жапония.
Тізімге барлығы 236 халықаралық оқу орны еніп отыр.
Бұйрық жобасы 14 наурызға дейін талқыланады.
Жаңалықтар
0