Әлем

Батыс Ресейге қарсы экономикалық соғыс ашты ма

© AP Photo / Kirsty WigglesworthФлаг Евросоюза
Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Жазылу
Батыс Ресеймен соғысқысы келетін секілді. Бірақ Украинаға әскерін жіберуге батылы жетпейді. Өйткені Владимир Путин оларға ескерту жасады: "Ресейдің жауабы сіздердің елдеріңіздің тарихында болмаған салдарға әкеледі", деп жазады РИА Новости.
Джо Байден Украинаға жалпы құны 350 миллион долларға қару-жарақ жіберуді мақұлдады. Нидерланды Киевке 50 Panzerfaust 3 танкке қарсы гранатомет пен 400 реактивті снаряд жібереді.
Германия билігі неміс қаруын Украинаға жөнелтуге рұқсат берді. Бір мың танкке қарсы қару мен 500 "стингер" Украинаға жіберілмек.
Автордың сөзінше, бұл ретте батыс елдері екіжүзділік танытып, БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде Ресейді "агрессияны тоқтатып", ел аумағынан әскерді шығаруға шақырып отыр. Не үшін? Өз қамы үшін. Осы жағдайға байланысты Ресейге бірнеше пакет санкция енгізіп үлгерді. Бұл санкциялардың мәні неде? Әділетсіз бәсекелестік және халықты тікелей тонау.
Оның айтуынша, Ресей отыз жылдан бері халықаралық қауымдастықтың ережелері бойынша әділ ойнауға тырысты. Мұны не үшін істеді? Ережеге бағынатын ойынды қамтамасыз ету үшін. Өйткені әділ бәсекелестік жағдайында Ресей әлемдегі жетекші елдердің біріне айналды. Ал қазір әділ бәсекелестік ережелері жоқтың қасы.
Ресейдің Украинадағы әскери операциясы тек сылтау болып отыр. Бүгінде бұл тек жай ғана санкциялар емес, батыс Ресейге ашық түрде экономикалық соғыс жариялады. Ел басшылығын да айналып өткен жоқ. Путин, Лавров, Шойгудың есепшоттары бұғатталды. Автор бұл саясаткерлердің шетелде есепшоттары жоқ екеніне сенімді. Әрі батыс елдері мұнымен тоқтамайтынын айтады. Ресейлік банктерді SWIFT-тен ажырата бастады. Бірақ мұнымен өмір тоқтамайды. Ресей үкіметі алдын ала бұл мәселені ойластырып қойған, қазір бәрі жұмыс істеп тұр, ел ішінде тұрғындар төлем жасай береді. Дегенмен шетелде көптеген ресейлік банктің картасы істемейді. Бұл қарапайым азаматтарға тікелей соққы болмақ.
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазақстан Ресей мен Украинаның келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын – СІМ
АҚШ пен Еуроодақ бір уақытта Ресейдің орталық банкінің валюта қорына санкция салып жатыр. Автордың пайымдауынша, орталық банктің долларлары қандай активтерде сақтаулы екені белгісіз. Сәскесінше оның қаншасы бұғатталатыны беймәлім. Десек те қайткен күнде де әңгіме миллиардтаған доллар туралы екені анық. Әрі бұл бұғаттау құлдыраған рубльге қолдау көрсете алмауы үшін орталық банктің ел ішіндегі валюталық интервенцияларын қиындатуды көздейді.
Оның айтуынша, "санкция", "бұғаттау" секілді сөздер ұрлау, тонау, тартып алу дегенді білдіреді. Бірнеше жыл бұрын осылайша Венесуэла тоналған еді. Сол уақытта ел үкіметі Лондоннан алтын қорды беруді сұрады. Лондон бермеді. Жуырда АҚШ Ауғанстанның орталық банкінің қаржы активін бұғаттады. "Каддафидің миллиардтары" ше? Оны да тартып алды. Енді Ресейдің орталық банкін тонамақшы, дейді ресейлік колумнист. Халық Украинадағы әскери операцияны қолдай ма, әлде әлеуметтік желіге украиндердің туын салып жатыр ма - қалай болғанда да бұл елге, халыққа жасалған соққы.
Жаңалықтар
0