https://sputnik.kz/20220228/almaty-many-er-adam-23153920.html
Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды
Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатқан 28.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-28T11:32+0500
2022-02-28T11:32+0500
2022-02-28T16:52+0500
оқиға
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/05/16705341_0:158:2996:1843_1920x0_80_0_0_1e7c9d5a8773eafb177c481e1752fdc4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды, деп хабарлады ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы.Екі ер адам Проходное шатқалына барған. Волчья гора жақта жоғары көтеріле берген кезде біреуі есінен танып қалған. Жанындағы ер адам құтқарушыларды шақырды."Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатты. Құтқарушылар оны таудан шығарып, апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлер пациент өкпе артериясы тромбоэмболиясынан көз жұмғанын анықтады", - делінген хабарламада. Құтқарушылар тауға шығар алдында бағыт биіктігін ескеруге кеңес береді. Денсаулық жағдайына да мән берген жөн екенін атап өтті. "1500-1600 метрден асатын биіктікке акклиматизация бойынша жеткілікті тәжірибесі жоқ адамдарға біртіндеп көтерілу керек. GPS навигатор, телефонды қуаттайтын қосымша құрал, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер, ауыстыратын киім сияқты міндетті заттардың ішінде алғашқы көмек жинағы болуға тиіс", - деді мамандар.Бұдан басқа, таңу материалдары, аллергия мен ішек ауырғанда ішетін дәрі-дәрмек, ауырсынуды басатын құрал, антисептик алу керек. Тауға барар алдында құтқару қызметтерінің телефон нөмірлерін жазып алған дұрыс.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/05/16705341_253:0:2920:2000_1920x0_80_0_0_ef14eb558f8191719560a41753bad9ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды
11:32 28.02.2022 (жаңартылды: 16:52 28.02.2022) Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатқан
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Алматы маңында тауға шықпақ болған ер адам көз жұмды, деп хабарлады ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы.
Екі ер адам Проходное шатқалына барған. Волчья гора жақта жоғары көтеріле берген кезде біреуі есінен танып қалған. Жанындағы ер адам құтқарушыларды шақырды.
"Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде 60 жастағы ер адам есінен танып жатты. Құтқарушылар оны таудан шығарып, апат медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Дәрігерлер пациент өкпе артериясы тромбоэмболиясынан көз жұмғанын анықтады", - делінген хабарламада.
Құтқарушылар тауға шығар алдында бағыт биіктігін ескеруге кеңес береді. Денсаулық жағдайына да мән берген жөн екенін атап өтті.
"1500-1600 метрден асатын биіктікке акклиматизация бойынша жеткілікті тәжірибесі жоқ адамдарға біртіндеп көтерілу керек. GPS навигатор, телефонды қуаттайтын қосымша құрал, су өткізбейтін пакеттегі сіріңкелер, ауыстыратын киім сияқты міндетті заттардың ішінде алғашқы көмек жинағы болуға тиіс", - деді мамандар.
Бұдан басқа, таңу материалдары, аллергия мен ішек ауырғанда ішетін дәрі-дәрмек, ауырсынуды басатын құрал, антисептик алу керек. Тауға барар алдында құтқару қызметтерінің телефон нөмірлерін жазып алған дұрыс.