https://sputnik.kz/20220227/qazaqstandyqtar-ukraina-shygaru-23135307.html
Ұйқы мен демалыссыз: СІМ қазақстандықтарды Украинадан шығарудағы қиындықтар туралы айтты
Ұйқы мен демалыссыз: СІМ қазақстандықтарды Украинадан шығарудағы қиындықтар туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның Киевтегі елшілік қызметкерлері күні-түні жұмыс істеп жатыр 27.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-27T11:57+0500
2022-02-27T11:57+0500
2022-02-27T11:57+0500
әлем
украина
қазақстандықтар
сыртқы істер министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1b/23135087_0:300:1600:1200_1920x0_80_0_0_fe52a1a773b2cdac3e68be12e54640b9.jpg
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы жағдайға байланысты қазақстандық дипломаттардың қандай қиындықпен бетпе-бет келгенін айтты. Айбек Смадияров Қазақстанның Киевтегі елшілік қызметкерлері күні-түні жұмыс істеп жатқанын атап өтті.Олар қазақстандықтарға көмек көрсетіп қана қоймай, орналасқан елдеріндегі жағдай жөнінде өзекті ақпаратты да жіберіп тұрады. Оның сөзінше, туындаған мәселелер жедел шешім шығаруды талап етеді. Ол сондай-ақ Қазақстан азаматтары бар бірнеше автобус шекараға қарай жолда көлік кептелісінде тұр. Олардың жартысы шекарадан өтіп, Польшада қонақ үйге орналастырылды. Шекарадан өткендер сол жерде қазақстандықтардың екінші тобын күтеді. Ол сондай-ақ әріптестерінің қызметі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ министрлік Лейланы репатриациялық рейспен елге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты.Елге келген соң ол Украинадағы жағдайға байланысты құрылған жұмыс тобының жұмысына кіріседі.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1b/23135087_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_01ede7226461ea59397f4a5b74662273.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, қазақстандықтар, сыртқы істер министрлігі
украина, қазақстандықтар, сыртқы істер министрлігі
Ұйқы мен демалыссыз: СІМ қазақстандықтарды Украинадан шығарудағы қиындықтар туралы айтты
Қазақстанның Киевтегі елшілік қызметкерлері күні-түні жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы жағдайға байланысты қазақстандық дипломаттардың қандай қиындықпен бетпе-бет келгенін
айтты.
Айбек Смадияров Қазақстанның Киевтегі елшілік қызметкерлері күні-түні жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Олар қазақстандықтарға көмек көрсетіп қана қоймай, орналасқан елдеріндегі жағдай жөнінде өзекті ақпаратты да жіберіп тұрады.
Оның сөзінше, туындаған мәселелер жедел шешім шығаруды талап етеді. Ол сондай-ақ Қазақстан азаматтары бар бірнеше автобус шекараға қарай жолда көлік кептелісінде тұр. Олардың жартысы шекарадан өтіп, Польшада қонақ үйге орналастырылды.
Шекарадан өткендер сол жерде қазақстандықтардың екінші тобын күтеді.
"Бірінші топпен ілесіп келе жатқан дипломаттардың бірі – Лейла. Ол жағдай шиеленіскен алғашқы күннен бастап 24 сағат ұйқы мен демалыс көрмей қызметін адал атқарып келеді. Қоңырау шалған кезде бірден жауап беріп, толық өзекті ақпарат береді. Қобалжығаны даусынан байқалып тұрады, бірақ білдірмейді. Тек Польшаға келгенде көңілі босап, кішкене эмоцияға берілді. Алайда дипломаттарға ондай мінез жат, сондықтан жарты сағаттан кейін "кешірім сұраймын, қайтадан қатардамын, тапсырма бар ма" деп жазды", - деп жазды Смадияров.
Ол сондай-ақ әріптестерінің қызметі үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ министрлік Лейланы репатриациялық рейспен елге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты.
Елге келген соң ол Украинадағы жағдайға байланысты құрылған жұмыс тобының жұмысына кіріседі.