Аңдатпа

Қазақстанда 28 ақпанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан
Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 28 ақпан - 1 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

28 АҚПАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
11:00 - блокчейн және дата-орталықтар индустриясы қауымдастығының баспасөз мәслихаты.
Ассоциация президенті Алан Дорджиев Қазақстанның майнинг-индустриясының қазіргі жағдайы туралы баяндайды. Журналистердің сұрақтарына қауымдастыққа мүше компаниялардың басшылары жауап береді: Дін-Мұхаммед Маткенов, BTC KZ компаниясы, Жанат Алдербегенов, Enegix компаниясы, Сембек Жақыпбеков, GDA директоры, сондай-ақ қауымдастық өкілі Аслан Қуатбеков.
Өтетін орны: Hampton by Hilton қонақ үйінің конференц-залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 43А.
11:00 – "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында концерт өтеді. Бағдарламаға Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысады. Орталықтың мекенжайы: Көктал көшесі, Аққорған 2.
15:00 – КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, Халық Қаhарманы Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған көрменің ашылуы мен баспасөз мәслихаты.
Спикерлер: мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов, Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерт бірлестігінің директоры Жеңіс Сейдоллаұлы, Роза Бағланованың ұлы Тәжен Бағланов.
Өтетін орны: Qazaqstan орталық концерт залы.
Трансляция сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

1 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН
12:00 – Достық үйінде "Жылы жүрек, ізгі тілектер!" қайырымдылық акциясы өтеді. Жиналған қаражат науқас балалардың еміне жұмсалады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдерін марапаттау жоспарланған. Мекенжайы: Б. Момышұлыкөшесі, 24/9.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0