Спорт

Назым Қызайбай бокстан кіші әлем чемпионатында алтын алды

© Photo : Казахстанская федерация боксаНазым Кызайбай
Назым Кызайбай - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Қазақстандық спортшы осылайша бұл турнирде ел қоржынына алғашқы алтынды салды
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан кіші әлем чемпионаты саналатын "Странджа кубогы – 2022" халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Қызайбайға Алжирден келген Роумайса Боуал қарсылас болды.
Қазақстандық спортшы үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Үшінші раундта Назым қарсыласын нокдаунға жібергені айтылды. Осылайша Назым Қызайбай Қазақстан құрамасы үшін алғашқы алтын медальді жеңіп алды.
Қола медальмен турнирді Санжар Ташкенбай, Тимур Қабдешев, Абзал Құттыбеков, Абзал Серік және Нұрлан Сапарбай аяқтады. 20 ақпанда Софияда (Болгария) бокстан "Странджа" халықаралық турнирі басталды. Онда Қазақстанның ерлер құрамасынан көп спортшы қатысты. Биыл турнирге 36 елдің боксшылары қатысты. Бүгін турнирдің соңғы күні өтеді.
Жаңалықтар
0