https://sputnik.kz/20220227/memlekettik-duma-batys-sanktsiya-23143563.html
"Бұл ұрлық" – Ресей депутаты Батыстың санкциялары туралы айтты
"Бұл ұрлық" – Ресей депутаты Батыстың санкциялары туралы айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Батыстың саламыз деп отырған санкциялары шын мәнінде бөтеннің мүлкін ұрлау болып есептеледі, деп мәлімдеді РИА Новостиге Ресей... 27.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-27T21:50+0500
2022-02-27T21:50+0500
2022-02-28T21:01+0500
ресей
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1b/23143473_0:0:3069:1727_1920x0_80_0_0_0be4a4f6aa2a098c7b6313a56977a49f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Батыстың саламыз деп отырған санкциялары шын мәнінде бөтеннің мүлкін ұрлау болып есептеледі, деп мәлімдеді РИА Новостиге Ресей Мемлекеттік думасы қаржы нарығы комитетінің басшысы Анатолий Аксаков.Еуропалық одақ, АҚШ, Ұлыбритания және Канада Ресей Орталық банкінің активтерін бұғаттайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, АҚШ пен оның одақтастары санкциялардың орнын толтыру үшін рубльді қолдауға арналған резервтерді пайдалануға мүмкіндік бермейтін шаралар қолдануды жоспарлап отыр."Бұл шынында қастық ету, бұл ұрлық, бөтеннің мүлкін тартып алу", - деп түсініктеме берді Аксаков.Ресей – әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі, деп атап өтті ол."Әрине, мұны қаржы күретамырын кесу деп бағалауға болады. Бұл экономикалық ағзаға ауыр тиетіні анық", - деп толықтырды депутат.Орталық банктің мәліметінше, Ресейдің халықаралық резервтері 18 ақпандағы жағдай бойынша өзінің тарихи максимумын жаңартып, 643,2 миллиард долларға жетті.Орталық банк валюталардың резервтердегі үлесі туралы деректерді алты айда бір жариялайды: 30 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық портфелдегі долларлық активтердің үлесі 16,4%, еурода – 32,3%, юаньда – 13,1%, фунт стерлингте – 6, 5%, басқа валюталарда – 10% болды. Алтынның үлесі 21,7 процентке жеткен.27 ақпанда Ресей банкі мәлімдеме жасап, қаржылық тұрақтылықты сақтауға және қаржы секторында үздіксіз операция жүргізуге қажетті ресурстар мен құралдардың бар екенін атап өтті.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/1b/23143473_160:0:2891:2048_1920x0_80_0_0_aa25011cfd4dfdabd858131303609419.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Батыстың саламыз деп отырған санкциялары шын мәнінде бөтеннің мүлкін ұрлау болып есептеледі, деп мәлімдеді
РИА Новостиге Ресей Мемлекеттік думасы қаржы нарығы комитетінің басшысы Анатолий Аксаков.
Еуропалық одақ, АҚШ, Ұлыбритания және Канада Ресей Орталық банкінің активтерін бұғаттайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, АҚШ пен оның одақтастары санкциялардың орнын толтыру үшін рубльді қолдауға арналған резервтерді пайдалануға мүмкіндік бермейтін шаралар қолдануды жоспарлап отыр.
"Бұл шынында қастық ету, бұл ұрлық, бөтеннің мүлкін тартып алу", - деп түсініктеме берді Аксаков.
Ресей – әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі, деп атап өтті ол.
"Әрине, мұны қаржы күретамырын кесу деп бағалауға болады. Бұл экономикалық ағзаға ауыр тиетіні анық", - деп толықтырды депутат.
Орталық банктің мәліметінше, Ресейдің халықаралық резервтері 18 ақпандағы жағдай бойынша өзінің тарихи максимумын жаңартып, 643,2 миллиард долларға жетті.
Орталық банк валюталардың резервтердегі үлесі туралы деректерді алты айда бір жариялайды: 30 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық портфелдегі долларлық активтердің үлесі 16,4%, еурода – 32,3%, юаньда – 13,1%, фунт стерлингте – 6, 5%, басқа валюталарда – 10% болды. Алтынның үлесі 21,7 процентке жеткен.
27 ақпанда Ресей банкі мәлімдеме жасап, қаржылық тұрақтылықты сақтауға және қаржы секторында үздіксіз операция жүргізуге қажетті ресурстар мен құралдардың бар екенін атап өтті.