Әлем

Киевте мұнай базасы өртеніп жатыр – видео

© Photo : EliasSchөрт, архивтегі сурет
өрт,  архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Өрт туралы ақпаратты қаланың мэрі Наталья Баласинович растады
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Украинаның астанасы Киевтен 25 шақырым жерде орналасқан Васильков қаласында мұнай базасы өртеніп жатыр.
Өрт туралы ақпаратты қаланың мэрі Наталья Баласинович растады.
Украинаның мемлекетік арнайы байланыс пен ақпаратты қорғау қызметі қалалықтарды өрттің қауіпті заттары үйге кірмеу үшін терезе ашпауға үндеді.
Жел үнемі бағытын өзгертіп отырғандықтан қауіпті заттар кез келген жаққа кетуі мүмкін екені айтылды.
Өрт өршіп жатыр, дегенмен тұрғындарды эвакуациялау жоспарланбаған. Киевтің төтенше жағдайлар қызметі тұрғындар өміріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.
Жаңалықтар
0