Әлем

Беларусь конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өтті деп танылды

© Sputnik / Виктор ТолочкоБеларусьтегі референдум
Беларусьтегі референдум - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Беларусь Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы референдум өтті деп танылды. Бұл туралы елдің орталық сайлау комиссиясы хабарлады, деп жазды Sputnik Беларусь.
Бүгін Беларусь бойынша учаскелер жергілікті уақыт бойынша 8.00-де ашылып, жұмысын 20.00-ге дейін жалғастырады.
Елде барлығы 5 510 учаске ұйымдастырылған, онда ел азаматтары референдумға қатыса алады. ОСК ақпараты бойынша, референдумға қатысушылар тізіміне 6 818 948 адам енгізілген. Беларусь сыртқы істер министрлігі шетелдегі учаскелер консулдық есепте тұрған азаматтардың аздығына, азаматтар бар елдердегі эпидемиологиялық жағдайға және ол елдер билігі тарапынан учаскелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етілетініне сенімсіздік болуына байланысты ашылмағанын хабарлады.
Бүгін – референдумдағы негізгі дауыс беру күні, мерзімінен бұрын дауыс беру 22-26 ақпан аралығында өткізілді, оған сайлаушылардың 42,93%-і қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне сәйкес, түске қарай азаматтардың 52,85%-і дауыс берген. Дауыс бергендер саны бойынша көшбасшы Гомель облысы болды – 58,27%, екінші орында – Могилев облысы – 56,23%. Брест облысында азаматтардың 52,12%-і дауыс берді. Витебск – 56,19%, Гродненск – 52,39%, Минск – 52,98%. Ел астанасында дауыс беруге қатысушылардың келуі 44,71%-ті құрады.
Нәтижесі 28 ақпанға қараған түні белгілі болады.

Беларусьтегі референдум

Бюллетеньде бір ғана сұрақ бар: "Сіз Беларусь Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?". Ел тұрғындары "иә" немесе "қарсымын" деп жауап бере алады.
Беларусьтің жаңартылған Конституциясының жобасына президент өкілеттілігі, беларусьтердың халық жиналысына жаңа өкілеттіктер беру секілді өзгерістер енгізілген.
Жаңалықтар
0