Өңірлер

Атырау облысының екі ауданында көшелерді су басты

© Комитет по чрезвычайным ситуациям МВДеріген қар суы
еріген қар суы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Қызылқоға және Индер аудандарында апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Атырау облысының екі ауданында еріген қар суын сору бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Департамент ақпаратына сәйкес, Қызылқоға ауданында еріген қар суын сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
26 ақпан сағат 15.30-дан бастап Миялы ауылының Қарабалин және Аққуов көшелері бойындағы 25-30 см еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары сағат кешкі жетіге дейін жүргізілген. Барлығы 280 текше метр су шығарылды.
Апаттық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері, жергілікті атқарушы органның 6 қызметкері және 2 техника, 2 мотопомпа жұмылдырылды.
Индер ауданында да еріген қар суын шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
26 ақпанда Индер ауданы Индербор кентінің Астана көшесі бойында сағат 16:20-дан 30 см еріген қар суын сору жұмыстары сағат 20:45-ке дейін жүргізілді – 110 текше метр су сорылды.
Жарсуат ауылының Қазиев көшесі бойына жиналған 25-30 см еріген қар суын арнайы су сору техникасымен ауыл сыртына шығару жұмыстары сағат 20:45-ке дейін жүргізілді. Бұл жерден 78 текше метр су шығарылды.
Апаттық-құтқару жұмыстарына облыстың төтенше жағдайлар департаментінің 2 қызметкері және бір техникасы, жергілікті атқарушы органның 11 қызметкері және 3 мотопомпа жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0