https://sputnik.kz/20220227/aleumettik-tolemder-molsheri-23133295.html
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді – кім және қанша алады
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді – кім және қанша алады
Sputnik Қазақстан
Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді бес жағдайда алуға болады 27.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-27T09:22+0500
2022-02-27T09:22+0500
2022-02-28T10:21+0500
әлеуметтік төлем
жүктілік
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744961_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_5b78ba0b47b1dd7aa172efa58589033a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Бүгінде ресми түрде жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайын 3,5 процент аударылады.Осы ақшаның есебінен әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік бар. Оны біреуі білсе, біреуі білмес.Биыл ең төменгі жалақы мөлшері көтерілді. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері де өзгеріп отыр.Қордан қандай төлемдер беріледі Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді бес жағдайда алуға болады. Олар: Барлық құжатты электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады. Соның ішінде жеке куәлік, өтініш пен банк шотының нөмірі бар.Мемлекеттік қызметті 1414 нөмірі арқылы проактивті түрде алуға да мүкіндік бар. Ал әрбір әлеуметтік төлем нақты формуламен есептеледі. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы Әлеуметтік төлемнің бұл түрін есептегенде алдымен соңғы екі жылдағы жалақының орташа мөлшерін шығарады. Оны бірнеше коэффициентке көбейтеді. Олар: Заңда кірісті ауыстыру коэффицентінің нақты мөлшері белгіленген. Ол – 0,6. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті денсаулық жағдайына қарай анықталады. Адам еңбекке неғұрлым жарамсыз болса, коэффициент соғұрлым жоғары болады. Ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициенті қорға аударылған төлемдермен есептеледі. Жалақыдан ұсталған ақша ай сайын жиі және тұрақты түрде аударылса, коэффициенттің мөлшері де көп болады. Мысалы, адам ауырып қалып, 30 процентке еңбекке қабілетсіз болып қалды дейік. Соңғы екі жылда алған орташа айлығы – 160 мың теңге. Осы сомадан алдымен ең төменгі жалақының 55 процентін алып тастайды. Биыл осы көрсеткіш 60 000 теңгеге дейін көтерілген. Ал 55 проценті 33 мың теңге болады. 160 000 – 33 000 = 127 000 теңге. Енді, оны кірісті ауыстыру коэффициентіне көбейтеміз. 127 000 * 0,6 = 76 200 теңге. Медициналық тексеріс бойынша еңбекке қабілетсіздік деңгейі 30 процент болса, 0,3 коэффицент болады. 76 200 * 0,3 = 22 860 теңге. Жалақыдан ұсталған әлеуметтік аударымдар қорға екі жыл бойы тұрақты тұрде жасалса, сақтандыру жүйесіне қатысу коэффиценті 0,85 болады. 22 860 * 0,85 = 19 431 теңге. Міне, бұл – соңғы сома.Адам 30 процентке еңбекке қабілетсіз болып қалса, әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын 19 431 теңге алып тұрады. Бұл сома еңбекке қабілетсіздік деңгейіне қарай төмен немесе жоғары болуы мүмкін.Асыраушысынан айырылу жағдайыОсы төлемді есептегенде екі негізгі коэффициент (кірісті ауыстыру коэффициенті мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициенті) қала береді. Ал үшінші коэффициент асырауында болған адамдардың санына байланысты. Мәселен, орташа айлық 160 мың теңге болса, одан тағы ең төменгі жалақының 55 процентін алып тастайды. 160 000 – 33 000 = 127 000 теңге. Осыдан кейін кірісті ауыстыру коэффициентіне көбейтеміз. 127 000 * 0,6 = 76 200 теңге. Егер асырауында үш адам болса, онда 0,8 коэффициенті қолданылады. 76 200 * 0,8 = 60 960 теңге. Ең соңында сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициентіне көбейтеді. 60 960 * 0,85 = 51 816 теңге. Асырауында болған адамдар осы ақшаны әлеуметтік төлем ретінде алады. Ал сақтандыру жүйесіне қатысу мерзімі көп болса, төлемнің мөлшері де артады. Жұмыстан айырылу жағдайы Әлеуметтік төлемнің бұл түрін есептегенде екі-ақ коэффициент - кірісті ауыстыру коэффициенті мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициенті ғана қолданылады. Бірақ кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 емес, 0,4 болады. Сосын ең төменгі жалақының 55 процентін алмайды. Сонымен, орташа жалақы 160 мың болса, оны алдымен 0,4 коэффициентіне көбейтеді. 160 000 * 0,4 = 64 000 теңге; Одан кейін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициентіне көбейтеді. 64 000 * 0,85 = 54 400 теңге. Осыны жұмыссыз қалған адамға ай сайын төлеп тұрады. Бірақ бүгінде бір талап бар. Егер адам жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстан бас тартса, әлеуметтік төлемді тоқтатуы мүмкін. Декреттік төлемдер Жүктілікке және босануға байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер еңбекке уақытша жарамсыздық күндерінің санына қарай анықталады. Мәселен, әйел 140 күн үйде отырса, 4,7 коэффициенті болады. Соны бір жылдық орташа айлыққа көбейтеді. 160 000 * 4,7 = 752 000 теңге. Ауыр босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда әлеуметтік төлемдер ұзартыла береді.Жаңа туған баланы асырап алған адамдар да өтініш беруге құқылы. Бұдан бөлек, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірістен айырылу жағдайына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер бар. Оны да бір коэффициентпен есептейді. Ол – кірісті ауыстыру коэффициенті. Мәселен, соңғы екі жылдың орташа жалақысы 160 мың болса, оны жаңағы коэффициентке көбейтеді.160 000 * 0,4 = 64 000 теңге. Осы сома ай сайын төленеді. Ал екі және одан көп бала туса, әр балға жеке-жеке есептеледі. Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнен басқа барлық әлеуметтік төлемнен міндетті түрде зейнетақы жарнасы ұсталады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744961_426:0:2675:1687_1920x0_80_0_0_69632b7e3f3fb47dc529d5bf87806954.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік төлем, жүктілік
әлеуметтік төлем, жүктілік
Әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді – кім және қанша алады
09:22 27.02.2022 (жаңартылды: 10:21 28.02.2022) Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді бес жағдайда алуға болады
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Бүгінде ресми түрде жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалақысынан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайын 3,5 процент аударылады.
Осы ақшаның есебінен әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндік бар. Оны біреуі білсе, біреуі білмес.
Биыл ең төменгі жалақы мөлшері көтерілді. Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері де өзгеріп отыр.
Қордан қандай төлемдер беріледі
Бүгінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді бес жағдайда алуға болады.
еңбекке қабілеттіліктен айырылу;
жүктілікке және босануға байланысты кірістен айырылу;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірістен айырылу;
Барлық құжатты электронды үкімет порталы арқылы жіберуге болады. Соның ішінде жеке куәлік, өтініш пен банк шотының нөмірі бар.
Мемлекеттік қызметті 1414 нөмірі арқылы проактивті түрде алуға да мүкіндік бар. Ал әрбір әлеуметтік төлем нақты формуламен есептеледі.
Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайы
Әлеуметтік төлемнің бұл түрін есептегенде алдымен соңғы екі жылдағы жалақының орташа мөлшерін шығарады. Оны бірнеше коэффициентке көбейтеді.
Кірісті ауыстыру коэффициенті;
Жалпы еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті;
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициенті;
Заңда кірісті ауыстыру коэффицентінің нақты мөлшері белгіленген. Ол – 0,6. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенті денсаулық жағдайына қарай анықталады.
Адам еңбекке неғұрлым жарамсыз болса, коэффициент соғұрлым жоғары болады. Ал әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициенті қорға аударылған төлемдермен есептеледі. Жалақыдан ұсталған ақша ай сайын жиі және тұрақты түрде аударылса, коэффициенттің мөлшері де көп болады.
Мысалы, адам ауырып қалып, 30 процентке еңбекке қабілетсіз болып қалды дейік. Соңғы екі жылда алған орташа айлығы – 160 мың теңге. Осы сомадан алдымен ең төменгі жалақының 55 процентін алып тастайды. Биыл осы көрсеткіш 60 000 теңгеге дейін көтерілген. Ал 55 проценті 33 мың теңге болады. 160 000 – 33 000 = 127 000 теңге. Енді, оны кірісті ауыстыру коэффициентіне көбейтеміз. 127 000 * 0,6 = 76 200 теңге.
Медициналық тексеріс бойынша еңбекке қабілетсіздік деңгейі 30 процент болса, 0,3 коэффицент болады. 76 200 * 0,3 = 22 860 теңге. Жалақыдан ұсталған әлеуметтік аударымдар қорға екі жыл бойы тұрақты тұрде жасалса, сақтандыру жүйесіне қатысу коэффиценті 0,85 болады. 22 860 * 0,85 = 19 431 теңге. Міне, бұл – соңғы сома.
Адам 30 процентке еңбекке қабілетсіз болып қалса, әлеуметтік сақтандыру қорынан ай сайын 19 431 теңге алып тұрады. Бұл сома еңбекке қабілетсіздік деңгейіне қарай төмен немесе жоғары болуы мүмкін.
Асыраушысынан айырылу жағдайы
Осы төлемді есептегенде екі негізгі коэффициент (кірісті ауыстыру коэффициенті мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициенті) қала береді. Ал үшінші коэффициент асырауында болған адамдардың санына байланысты.
Мәселен, орташа айлық 160 мың теңге болса, одан тағы ең төменгі жалақының 55 процентін алып тастайды. 160 000 – 33 000 = 127 000 теңге. Осыдан кейін кірісті ауыстыру коэффициентіне көбейтеміз. 127 000 * 0,6 = 76 200 теңге. Егер асырауында үш адам болса, онда 0,8 коэффициенті қолданылады. 76 200 * 0,8 = 60 960 теңге.
Ең соңында сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициентіне көбейтеді. 60 960 * 0,85 = 51 816 теңге. Асырауында болған адамдар осы ақшаны әлеуметтік төлем ретінде алады. Ал сақтандыру жүйесіне қатысу мерзімі көп болса, төлемнің мөлшері де артады.
Әлеуметтік төлемнің бұл түрін есептегенде екі-ақ коэффициент - кірісті ауыстыру коэффициенті мен әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициенті ғана қолданылады. Бірақ кірісті ауыстыру коэффициенті 0,6 емес, 0,4 болады. Сосын ең төменгі жалақының 55 процентін алмайды.
Сонымен, орташа жалақы 160 мың болса, оны алдымен 0,4 коэффициентіне көбейтеді. 160 000 * 0,4 = 64 000 теңге; Одан кейін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу коэффициентіне көбейтеді. 64 000 * 0,85 = 54 400 теңге. Осыны жұмыссыз қалған адамға ай сайын төлеп тұрады.
Бірақ бүгінде бір талап бар. Егер адам жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстан бас тартса, әлеуметтік төлемді тоқтатуы мүмкін.
Жүктілікке және босануға байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша берілетін әлеуметтік төлемдер еңбекке уақытша жарамсыздық күндерінің санына қарай анықталады.
Мәселен, әйел 140 күн үйде отырса, 4,7 коэффициенті болады. Соны бір жылдық орташа айлыққа көбейтеді. 160 000 * 4,7 = 752 000 теңге. Ауыр босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда әлеуметтік төлемдер ұзартыла береді.
Жаңа туған баланы асырап алған адамдар да өтініш беруге құқылы. Бұдан бөлек, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірістен айырылу жағдайына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдер бар.
Оны да бір коэффициентпен есептейді. Ол – кірісті ауыстыру коэффициенті. Мәселен, соңғы екі жылдың орташа жалақысы 160 мың болса, оны жаңағы коэффициентке көбейтеді.
160 000 * 0,4 = 64 000 теңге. Осы сома ай сайын төленеді. Ал екі және одан көп бала туса, әр балға жеке-жеке есептеледі.
Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнен басқа барлық әлеуметтік төлемнен міндетті түрде зейнетақы жарнасы ұсталады.