https://sputnik.kz/20220227/alayaqtar-ort-qauipsizdigi-kasipkerler-23136420.html
Алаяқтар өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізіп, кәсіпкерлерден ақша талап еткен
Алаяқтар өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізіп, кәсіпкерлерден ақша талап еткен
Sputnik Қазақстан
Кәсіпкерлер палатасы мұндай жағдайда не істеу керек екенін айтты 27.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-27T13:59+0500
2022-02-27T13:59+0500
2022-02-27T13:59+0500
қоғам
жеке кәсіпкерлер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/682/39/6823950_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_cdf9ce7b0b416c18cf1dad3157ab67fb.jpg
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда алаяқтар өзін өртке қарсы қызмет қызметкері деп таныстырып, алаяқтардан ақша талап еткен. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді. Алаяқтар ресми тексеру жүргізуге келіп, кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі қызметіне қатысты келісімшартқа қол қойдырған. Қол қоймаса, айыппұл салынатынын айтқан. Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Думан Керімбаевтың айтуынша, өрт қауіпсіздігі саласындағы жыл сайынғы тексерулер өрт шығу қаупі жоғары объектілер ғана жүргізіледі. Думан Керімбаев палатаға жыл сайын бизнесмендерден негізсіз тексерулер, сондай-ақ алаяқтардың әрекеттері туралы шағымдар түсетінін айтты. Ол кәсіпкерлерге заң бұзушылықтар мен бопсалау фактілеріне тап болса, бірден құқық қорғау органдарына немесе кәсіпкерлер палатасына жүгінуге кеңес берді. Талдықорған қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қуаныш Рахатовтың айтуынша, бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргізудің мерзімі мен нысанды көрсетіп, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын міндетті түрде жазбаша түрде хабардар етеді. Бас прокуратура тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін өзінің ресми интернет-ресурсында жылдың 25 желтоқсанына және 25 мамырына дейін жариялайды. Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік орган тексерілетін субъектіге жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы кемінде бір тәулік бұрын хабарлауға міндетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/682/39/6823950_121:0:1829:1281_1920x0_80_0_0_2d1f6dab3769ac4e5a6ddc931f466d7c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеке кәсіпкерлер, алаяқтық
жеке кәсіпкерлер, алаяқтық
Алаяқтар өрт қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізіп, кәсіпкерлерден ақша талап еткен
Кәсіпкерлер палатасы мұндай жағдайда не істеу керек екенін айтты
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда алаяқтар өзін өртке қарсы қызмет қызметкері деп таныстырып, алаяқтардан ақша талап еткен. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді.
Алаяқтар ресми тексеру жүргізуге келіп, кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі қызметіне қатысты келісімшартқа қол қойдырған. Қол қоймаса, айыппұл салынатынын айтқан.
Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқық мәселелері жөніндегі орынбасары Думан Керімбаевтың айтуынша, өрт қауіпсіздігі саласындағы жыл сайынғы тексерулер өрт шығу қаупі жоғары объектілер ғана жүргізіледі.
"Өрт қауіпсіздігі бойынша тексерулер кестеге сәйкес жүргізіледі, нысандарға алдын ала хабар беріледі", - деп мәлімдеді Думан Керімбаев кәсіпкерлермен онлайн-кездесуде.
Думан Керімбаев палатаға жыл сайын бизнесмендерден негізсіз тексерулер, сондай-ақ алаяқтардың әрекеттері туралы шағымдар түсетінін айтты. Ол кәсіпкерлерге заң бұзушылықтар мен бопсалау фактілеріне тап болса, бірден құқық қорғау органдарына немесе кәсіпкерлер палатасына жүгінуге кеңес берді.
Талдықорған қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Қуаныш Рахатовтың айтуынша, бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргізудің мерзімі мен нысанды көрсетіп, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын міндетті түрде жазбаша түрде хабардар етеді.
Бас прокуратура тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін өзінің ресми интернет-ресурсында жылдың 25 желтоқсанына және 25 мамырына дейін жариялайды. Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде мемлекеттік орган тексерілетін субъектіге жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы кемінде бір тәулік бұрын хабарлауға міндетті.