Қоғам

Актриса Аружан Жазылбекова тұрмысқа шығады

© Sputnik / Владислав ВодневАружан Жазылбекова
Аружан Жазылбекова - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2022
Жазылу
Қазақстандық актриса Аружан Жазылбекованың таңдауы Ержан Алдабергеновке түсті
АЛМАТЫ, 27 ақпан – Sputnik. "Барыс" хоккей клубының бұрынғы бас менеджері, қазір "Замандас" подкастын жүргізетін Ержан Алдабергенов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалықты бөлісті.
Ол актриса Аружан Жазылбекованың неке сақинасын тағатын саусағының фотосын жариялап, жазба қалдырды.
"Бұл кеше түсірілді, ал бүгін мен fiancé" (ағылшын тілінен аударғанда – күйеу жігіт), – деп жазды Ержан Алдабергенов.
Әлеуметтік желідегі оқырмандар жұпты құттықтап, бақыт тілеп жатыр.
"Алақай!", "Құттықтаймын", "Бақытты болыңыз", "Керемет жұп", деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Аружан Жазылбекова – актриса, Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмінің, Ресейдің "Адаптация" (ТНТ телеарнасы) және "Алтын Орда" сериалдарының жұлдызы. Ол таңдауы түскен ер азаматтан бес жасқа үлкен.
Аружан бұған дейін қазақстандық кинорежиссер Ахат Ибраевпен отбасы құрды. Олар 2013 жылы үйленіп, 5 жылдан кейін ажырасқан.
Жаңалықтар
0