https://sputnik.kz/20220226/ukraina-shekara-qazaqstan-avtobus-23130263.html
Украина шекарасынан 49 қазақстандық автобуспен өтті
Украина шекарасынан 49 қазақстандық автобуспен өтті
Sputnik Қазақстан
Бақылау бекетінде әрбір автобус кем дегенде бір сағат тексеріледі, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі 26.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-26T19:23+0500
2022-02-26T19:23+0500
2022-02-26T19:23+0500
украина
автобус
https://sputnik.kz/img/07e5/01/09/15957588_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_243c733299f3fbccdc4fbc69c71cdaa2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қанша қазақстандықтың Украина шекарасынан автобуспен өткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Украина шекараны уақытша жабуына байланысты Корчова-Краковец өткізу бекетіндегі жағдай өзгерген жоқ. Украина тарапы қайта-қайта шекараны жауып, автобустарды тексеріп жатыр. Әрбір автобусты тексеруге кемінде бір сағат кетеді. Бұл Украина билігінің халықты мобилизациялау туралы жарлық қабылдауымен байланысты – 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға елден шығуға тыйым салынды. Сондықтан барлық автобус тексеруден өтеді", – деді Смадияров.Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:00-де 49 адам мінген алғашқы автобус Украинамен шекарада болған. Қазір ол шекарадан өтіп, біздің азаматтар Польшаның Катовице қаласына жетті."Түнде Львовтан 46 адам мінген екінші автобус шықты. Киевтегі Қазақстан елшілігінен шыққан автокөліктер колоннасы – 79 адам кептелісте тұр. Көрсетілген өткізу пунктінен шамамен 20 шақырым жерде", - деп толықтырды ол.Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Польша тарапынан Қазақстанның осы елдегі консулы азаматтарымызды шекарадан өткізетінін атап өтті. Ол Корчова-Краковец өткізу пунктінде күтіп отыр.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/09/15957588_106:0:1815:1282_1920x0_80_0_0_65400db50f35959547daf2f696c07d15.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, автобус
Украина шекарасынан 49 қазақстандық автобуспен өтті
Бақылау бекетінде әрбір автобус кем дегенде бір сағат тексеріледі, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қанша қазақстандықтың Украина шекарасынан автобуспен өткенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Украина шекараны уақытша жабуына байланысты Корчова-Краковец өткізу бекетіндегі жағдай өзгерген жоқ. Украина тарапы қайта-қайта шекараны жауып, автобустарды тексеріп жатыр. Әрбір автобусты тексеруге кемінде бір сағат кетеді. Бұл Украина билігінің халықты мобилизациялау туралы жарлық қабылдауымен байланысты – 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға елден шығуға тыйым салынды. Сондықтан барлық автобус тексеруден өтеді", – деді Смадияров.
Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:00-де 49 адам мінген алғашқы автобус Украинамен шекарада болған. Қазір ол шекарадан өтіп, біздің азаматтар Польшаның Катовице қаласына жетті.
"Түнде Львовтан 46 адам мінген екінші автобус шықты. Киевтегі Қазақстан елшілігінен шыққан автокөліктер колоннасы – 79 адам кептелісте тұр. Көрсетілген өткізу пунктінен шамамен 20 шақырым жерде", - деп толықтырды ол.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Польша тарапынан Қазақстанның осы елдегі консулы азаматтарымызды шекарадан өткізетінін атап өтті. Ол Корчова-Краковец өткізу пунктінде күтіп отыр.