Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина дағдарысы: себебі мен салдары

© AFP 2024 / SERGEI SUPINSKY Киев
 Киев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Кеңес Одағы ыдыраған кезде Украина қоғамы сол кездегі барлық посткеңестік қоғам сияқты пәк еді. Тым идеологияланған жүйенің құшағынан құтылған ол үстем (мемлекеттік, баршаға міндетті) идеологиясыз өмір сүріп, сәтті даму мүмкін деп есептемеді. Сол кездегі коммунистік идея тым нашар болғандықтан, жаңа қоғам жедел түрде капитализм орнату қажет деген қорытындыға келді, деп жазды ресейлік шолушы, саясаттанушы Ростислав Ищенко.
Қоғамдық дамуды идеологиялық әдіспен жеделдету әрекеті қоғамның өзін де, тарихи процестің қалыпты барысын да бұзатын күрделі экономикалық және психикалық ақауларға алып келеді.
Дегенмен, посткеңестік украин қоғамы "бәріне және жылдам" қол жеткізігісі келіп, қалағанның бәрін уәде еткен саясаткерлердің ырығына көнді. "Жаңаша ойлаудан" шабыт алған посткеңестік халық арғы ата-бабасы коммунизмді құрған кездегідей құлшыныспен "капитализм құруға" кірісті.
Осылайша "капитализм құрушылар" халыққа осы аумақта екі жылда Еуропа бой көтереді деп уәде етті. Алайда, екі жылдан кейін жағдай бұрынғыдан да нашарлай түскенін көрген халық бас көтере бастады да, бұрынғы КСРО-ның славян республикаларында кеңестік түзетуге бағытталған қуатты халық қозғалысы көтерілді.
Ищенконың айтуынша, 1993 жылы Ельцин билік тізгінін өз қолында әзер ұстап қалса, Беларусьте Кебич және Украинада Кравчук 1994 жылдың жазында биліктен көз жазып қалды. Бірақ билік басына келген республикашыл элита орталық пайдасына биліктен айырылғысы келмеді. Сондықтан Ресейдің интеграциялық жобаларын кері қайтарды. Бірақ Беларусьтегі Лукашенко ғана Ресеймен бірлесу арқылы даму жолына түсті.
Ал украин элитасы тірек нүктесі ретінде ұлттандыру идеологиясына тоқтады. Олар ұлтшылдық идеяны капитализм құрып жатқан мемлекет қуатымен біріктірсе, барлық проблема шешімін табады деп ойлады. Осы мақсатта олар Украина азаматтарына өздерінің бойындағы орыс империялық керітартпа қасиет олардың тезірек жетістікке жетуіне кедергі болып отырғанын насихаттады.
Украина мен Ресей тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина делегациясы Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Беларуське барды
"Жекелеген адамдар өздерінің тұтастығы мен ата-бабаларының мәдениеті мен тіліне адалдығын сақтай алды. Бірақ әлеуметтік және этникалық топ ретінде Украинадағы орыстар тіршілігін тоқтатты. Жаңартылған ұлтшыл украин идеологиясы ерте капиталистік дәуірдегі национализмнің идеалынан алшақ кетті. "Романтик капиталистер" қоғамды жақсартуды көздеді. Ал ұлтшыл украин радикалдар материалдық құндылықты басты орынға қойды. Олар өз идеалын қоғамға мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы міндеттегісі келді. Коммунистердің арқасында мемлекеттік идеологияны бұлжытпай ұстануға әдеттенген қоғам бұған қарсы болған жоқ. Бірақ олар бұрынғыдай "Еуропадағыдай өмірдің" тап қазір орнауын талап етуді жалғастыра берді", - деп жазды саясаттанушы.
Билікті өз қолында ұстап қала алмайтынын түсінген ұлтшылдар сыртқы күштер беделіне арқа сүйеуге тырысты. Сондықтан олар Украинаны билеуге қатысуға шетелдік мамандарды шақыртты. Бірақ сыртқы басқарушыларды украин халқының үміт-арманы, украин ұлтшылдарының мақсаты қызықтырмады. Ростислав Ищенконың айтуынша, дәл осы шақта Ресей-АҚШ арасындағы шиеленіс ушығып, Батыс Украинаны Ресейді тежеу және оған қысым көрсету құралы ретінде қарастырды.
Украина дағдарысы немесе апаты үш идеялық қателіктің салдарынан туындап отыр. Оларды атап көрсетсек:
сыбайлас жемқорлыққа алып келген үдемелі капитализм құруға ұмтылыс;
орыстардан түбегейлі бас тарту арқылы элиталық қажеттіліктер үшін дәстүрлі құндылықтардан тартуға алып келген ұлтшыл мемлекет құру;
материалдық байлықтың еуропалық деңгейіне автоматты түрде қол жеткізуге кепілдік беруі тиісті мүмкіндіктің болмауы.
"Қоғам кезекті президентке үміт артты. Президент Батыстан үміттенді. Бірақ бәрібір бұл кезекті апатқа алып келді. Дегенмен бұл тығырықтан да шығуға болады", - деп жазды саясаттанушы.
Жаңалықтар
0