Тоқаев шұғыл кеңес өткізді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Жазылу
Отырыс қорытындысы бойынша президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Ақордада өткен жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды.
Жиында Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.

Украина мен Ресей қақтығысы

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге жолдауында Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.
"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", - деді Путин.
Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге үндеу жасап, Ресей президентімен байланыса алмағанын, Украина соғысты қаламайтынын айтты.
Зеленский 90 күн ішінде Украинада жаппай мобилизация өткізу туралы қаулы қабылдады.
Сонымен қатар Зеленский жоғары бас қолбасшы міндетін мойнына жүктеді.
25 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді Донбастағы жағдай бойынша келіссөз жүргізуге шақырды.
Дәл сол күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Минскіге украиналық тараппен келіссөз жүргізу үшін делегация жіберуге дайын екенін хабарлады.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі 26 ақпанда жеткізілетінін хабарлады.
Жаңалықтар
0