Sputnik Молдова сайты қайтадан жұмыс істеп жатыр

© Sputnik / Алексей КуденкоСтудия радио Sputnik
Студия радио Sputnik - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Sputnik Молдова редакциясы агенттіктің сайты республика аумағында жаңа адрес арқылы жұмыс істей бастағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Бұған дейін редакция агенттік сайтының Молдовада бұғатталғаны туралы хабарлама алғанын хабарлаған болатын.
"Sputnik Молдова сайты жаңа адрес арқылы қайтадан жұмыс істеп жатыр. Бүгін Молдова билігі "ақпараттық және қауіпсіздік қызметінің шешіміне байланысты" агенттік сайтының жұмысын 26 ақпаннан бастап тоқтатқанын хабарлады", – делінген редакцияның хабарламасында.
Қазір Sputnik Молдова сайтына мына адрестер арқылы кіруге болады: ru.md.sputniknews.com, md.sputniknews.com, ro.md.sputniknews.com. Агенттіктің Telegram арнасы жұмыс істеп тұр.
Sputnik Молдова редакциясы республика билігінен сайт 26 ақпаннан, радиохабар тарату 7 наурыздан бастап бұғатталатыны туралы хабарлама алғанын айтты.
"Біз 7 наурыздан бастап сайттардың бұғатталатыны туралы хабарлама алдық, молдаван, орыс және румын тілдеріндегі үш нұсқа бұғатталады", - деп хабарлады Sputnik Moldova редакциясы.
Бұған дейін Ақпарат және қауіпсіздік қызметі ресми сайтында екі ресурсты, соның ішінде Sputnik-ті бұғаттау туралы бұйрық шыққанын жариялаған болатын.
Жаңалықтар
0