Елорда жұрты генерал Сабыр Рақымовты еске алды

© Sputnik / из альбома С.Рахимова / Медиабанкке өтуГенерал-майор Сабыр Рақымов
Генерал-майор Сабыр Рақымов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Жазылу
Биыл Кеңес Одағының Батыры генерал Сабыр Рахымовтың туғанына 120 жыл толды
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Кеңес Одағының батыры генерал Сабыр Рақымовтың туғанына 120 жыл толуына орай еске алу шарасы өтті.
Қарулы күштердің әскери-тарихи мұражайында оқушыларға арнап сахналандырылған экскурсия ұйымдастырылды. Оның басты тақырыбы аты аңызға айналған генералға арналған көрме болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Экскурсияны "Майдан жолы" іздестіру жасағының жетекшісі, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Майдан Құсайынов жүргізді.
© Sputnik / Медиабанкке өтуГенерал-майор Сабыр Рақымов (сол жақта) Польшадағы Солоба қаласын азат ету операциясы басталар алдында офицерлерге нұсқау беріп тұр
Генерал-майор Сабир Рахимов (слева) дает указания офицерам перед началом операции по освобождению города Солоба в Польше - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Генерал-майор Сабыр Рақымов (сол жақта) Польшадағы Солоба қаласын азат ету операциясы басталар алдында офицерлерге нұсқау беріп тұр
Бұл шара келушілерді сол кезеңге терең бойлатып, кейіпкердің тұлғасына деген қызығушылықты оятуға мүмкіндік берді. Ұлттық академиялық кітапханада аталған тақырып бойынша кеш ұйымдастырылды. Оған Шымкент қаласындағы "Жас ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері белсене қатысты. Олар музыкалық әуендер орындап, Сабыр Рақымовтың өмірі, жауынгерлік жолы мен ерліктері туралы өздерінің шығармаларын оқыды.
Іс-шара соңында жазушы Әкім Ысқақ болашақ Отан қорғаушыларға өзінің "Тұңғыш генерал" атты жеке кітабын сыйға тартты.

Сабыр Рақымовтуралы не білеміз

Сабыр Рақымов 1902 жылы дүниеге келген. Ол 20 жасынан бастап Қызыл әскерде қызмет етті. Ұлы Отан соғысының майдан даласында полк, дивизия басқарды. Бірнеше рет ауыр жарақат алса да, сапқа қайта оралған.
1943 жылы қазақтардың арасында алғаш болып "генерал-майор" атағын алды. Ол 1945 жылы наурызда Польшаны азат ету кезінде қайтыс болды.
1965 жылы Сабыр Рақымовқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
Бүгінде Шымкенттегі "Жас ұлан" республикалық мектебі қазақ халқының даңқты ұлының есімімен аталады.
Жаңалықтар
0