Мәдениет

Димаш Құдайберген бірнеше елде жеке концерт өткізеді

© Photo : Facebook / Dimash Qudaibergen / Димаш КудайбергенДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген наурыз-сәуірде бірнеше елде жеке концертін өткізеді. Бұл туралы әншінің өзі хабарлады.
Димаш пандемиядан кейінгі алғашқы концертін Дубайда "Кока-кола" аренасында береді. Ол концерт 25 наурызға жоспарланған.
Әнші 9 сәуірде Германияның Дюссельдорф қаласында ISS Dome аренасында жеке концерт береді.
"Сіздермен кездесуді асыға күтемін. Сіздер өте жақсы әсер алады деп үміттенемін", - деп жазды Құдайберген.
16 сәуірде әнші Чехияда жеке концертін өткізеді. Концерт Праганың ең әдемі және үлкен ареналарының бірі Tipsport Arena-да өтеді.
Жаңалықтар
0