https://sputnik.kz/20220226/atys-almaty-politsey-video-23124405.html
"Түнімен атыс болды: Алматылық полицей қаңтардағы бүлік туралы айтты – видео
"Түнімен атыс болды: Алматылық полицей қаңтардағы бүлік туралы айтты – видео
Sputnik Қазақстан
Ербол Нұрманов өз әріптестерімен бірге қоғамдық тәртіпті күзету үшін қала әкімдігінің алдында қызметте болған 26.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-26T20:00+0500
2022-02-26T20:00+0500
2022-05-23T14:58+0500
алматы
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19071598_0:320:3072:2048_1920x0_80_0_0_73990f6a7433643f1186b9cf8d427db6.jpg
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Алматылық полицей Ербол Нұрманов қаңтар трагедиясы кезінде болған оқиғаны айтып берді, деп хабарлады Polisia.kz.Ол Алмалы ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі болып жұмыс істейді. Айтуынша, алғашында шеру бейбіт сипатта болған. Алаңға жиналғандар жай ұрандатып тұрған. Бірақ кейіннен жағдай күрт өзгерген.Ербол Нұрманов өз әріптестерімен бірге қоғамдық тәртіпті күзету үшін қала әкімдігінің алдында қызметте болған.Тергеушінің айтуынша, бүлікшілер тіпті қызметтік әскери көліктерді де тартып алған."Әкімдіктің алдында тұрған шамдарын жұлып алып, лақтырып жатыр. Олар алдын ала бензинге дейін дайындап келген. Әкімдіктің алды өртеніп жатыр. Артынан көліктер өртене бастады. Біздің екі көлік пен екі Камазды алып алған, оған ту іліп алған. Бәрі Төле би көшесі бойымен келе жатыр екен. (...) Генерал келді. "Біздің мақсат – қаламызды сақтап қалу, халыққа зиян келтірмеу" деді. 5-6 қаңтарда түнімен полиция департаменті алдында атыс болды", - деп еске алды ол.Алматы трагедиясыҚайғылы оқиға 2022 жылдың қаңтар айының басында болды. Тәртіпсіздіктер сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан басталды. 2 қаңтарда Жаңаөзен қаласында митингі өтіп, артынан Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында оларға қолдау білдірді.Алайда бейбіт митингілер жаппай бүлікке ұласып кетті. Әсіресе одан Алматы қаласы қатты зардап шекті. 5 қаңтарда қарулы адамдар қала орталығын қиратып, қала әкімдігінің ғимараты мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді. Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/06/19071598_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_00c9cd856e1431bcac2ff7e96f0dad8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тәртіпсіздік
"Түнімен атыс болды: Алматылық полицей қаңтардағы бүлік туралы айтты – видео
20:00 26.02.2022 (жаңартылды: 14:58 23.05.2022) Ербол Нұрманов өз әріптестерімен бірге қоғамдық тәртіпті күзету үшін қала әкімдігінің алдында қызметте болған
АЛМАТЫ, 26 ақпан – Sputnik. Алматылық полицей Ербол Нұрманов қаңтар трагедиясы кезінде болған оқиғаны айтып берді, деп хабарлады
Polisia.kz. Ол Алмалы ауданы полиция басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісі болып жұмыс істейді. Айтуынша, алғашында шеру бейбіт сипатта болған. Алаңға жиналғандар жай ұрандатып тұрған. Бірақ кейіннен жағдай күрт өзгерген.
Ербол Нұрманов өз әріптестерімен бірге қоғамдық тәртіпті күзету үшін қала әкімдігінің алдында қызметте болған.
"Ешқандай арандатуға берілмей, ешкіммен сөйлеспей, ешкімге қарсылық көрсетпей, өз міндетімізді атқарып тұрдық. Жиналғандар бір-бірін бұрыннан танитындай амандасып жатты. Қойылған қоршауларға жақындап, "біз жаққа өтіңдер!" дегендер де болды ", – дейді ол.
Тергеушінің айтуынша, бүлікшілер тіпті қызметтік әскери көліктерді де тартып алған.
"Әкімдіктің алдында тұрған шамдарын жұлып алып, лақтырып жатыр. Олар алдын ала бензинге дейін дайындап келген. Әкімдіктің алды өртеніп жатыр. Артынан көліктер өртене бастады. Біздің екі көлік пен екі Камазды алып алған, оған ту іліп алған. Бәрі Төле би көшесі бойымен келе жатыр екен. (...) Генерал келді. "Біздің мақсат – қаламызды сақтап қалу, халыққа зиян келтірмеу" деді. 5-6 қаңтарда түнімен полиция департаменті алдында атыс болды", - деп еске алды ол.
Қайғылы оқиға 2022 жылдың қаңтар айының басында болды. Тәртіпсіздіктер сұйытылған газ бағасының екі есе қымбаттауына қарсы жаппай наразылықтан басталды. 2 қаңтарда Жаңаөзен қаласында митингі өтіп, артынан Ақтау, Атырау және Қазақстанның басқа да қалаларында оларға қолдау білдірді.
Алайда бейбіт митингілер жаппай бүлікке ұласып кетті. Әсіресе одан Алматы қаласы қатты зардап шекті. 5 қаңтарда қарулы адамдар қала орталығын қиратып, қала әкімдігінің ғимараты мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді. Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.
Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.