https://sputnik.kz/20220225/zhemqorlyq-aktivter-prezident-23116136.html
Елден ұрланған активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек – президент
Елден ұрланған активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек – президент
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T19:51+0500
2022-02-25T19:51+0500
2023-08-09T12:45+0500
қасым-жомарт тоқаев
сыбайлас жемқорлық
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23035836_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_65b5999e131fe2dd69b3b79eb0ff498f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Олжас Бектеновті таныстырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжановқа атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.Мемлекет басшысы агенттіктің жаңа төрағасы мен жеке құрамына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктен жалтарып кетпеуді қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеологиясын күшейтуге, мемлекеттік қызмет туралы қоғамдағы жағымсыз пікірді өзгертуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар президент елден ұрланып кеткен активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек екенін айтты.Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жақында бекітілген тұжырымдамасын қалыптасқан ахуалды сапалы өзгертудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.Оқи отырыңыз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы тағайындалды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23035836_221:0:2952:2048_1920x0_80_0_0_ecddb823341bc28261b8c71f1c18b287.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, сыбайлас жемқорлық
қасым-жомарт тоқаев, сыбайлас жемқорлық
Елден ұрланған активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек – президент
19:51 25.02.2022 (жаңартылды: 12:45 09.08.2023) Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасын таныстырды
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған төраға Олжас Бектеновті таныстырды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев агенттіктің бұрынғы төрағасы Марат Ахметжановқа атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы агенттіктің жаңа төрағасы мен жеке құрамына сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктен жалтарып кетпеуді қамтамасыз етуге, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеу идеологиясын күшейтуге, мемлекеттік қызмет туралы қоғамдағы жағымсыз пікірді өзгертуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар президент елден ұрланып кеткен активтерді қайтаруға ерекше назар аудару керек екенін айтты.
Мемлекет басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жақында бекітілген тұжырымдамасын қалыптасқан ахуалды сапалы өзгертудің маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті.