https://sputnik.kz/20220225/toqaev-armeniya-premer-ministri-23099300.html
Тоқаев Армения премьер-министріне алғыс айтты
Тоқаев Армения премьер-министріне алғыс айтты
Sputnik Қазақстан
Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T13:00+0500
2022-02-25T13:00+0500
2022-02-25T13:03+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
армения
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23097683_0:49:2274:1328_1920x0_80_0_0_1699c7e15c6ef9772c19b3f002a861f9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді.Мемлекет басшысы Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығын жоғары бағалап, қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентін Қазақстанға жіберу туралы шешімді қолдағаны үшін Никол Пашинянға ризашылығын білдірді.Мемлекет басшысы Армения премьер-министріне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.Өз кезегінде Армения үкіметінің басшысы қонақжайлық көрсеткені және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтты."Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарымыздың табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ форматында экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылап жатырмыз", – деді Никол Пашинян.Сондай-ақ премьер-министр Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерін оң бағалап, Арменияның ұйымға төрағалығы аясында осы мәселеге басымдық берілетінін атап өтті.Кездесу барысында сонымен қатар сауда-экономикалық байланыстарды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Армения арасындағы қатынастардың даму перспективаларын қарастырды.Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады.
армения
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/19/23097683_180:0:1951:1328_1920x0_80_0_0_1198f44299d2df34740e89fbcee6c98d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, армения
қасым-жомарт тоқаев, армения
Тоқаев Армения премьер-министріне алғыс айтты
13:00 25.02.2022 (жаңартылды: 13:03 25.02.2022) Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысы Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалығын жоғары бағалап, қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингентін Қазақстанға жіберу туралы шешімді қолдағаны үшін Никол Пашинянға ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы Армения премьер-министріне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.
"Биыл біздің дипломатиялық қатынастарымыздың орнағанына 30 жыл. Бұл – өте маңызды дата. Екі ел арасында жоғары деңгейлердегі ашық саяси диалог жолға қойылған. Парламенттік, мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді", – деді президент.
Өз кезегінде Армения үкіметінің басшысы қонақжайлық көрсеткені және Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін алғыс айтты.
"Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарымыздың табысты дамып келе жатқанына қуаныштымын. Қазір Еуразиялық экономикалық одақ форматында экономикалық ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық кеңістікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылап жатырмыз", – деді Никол Пашинян.
Сондай-ақ премьер-министр Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның дағдарысқа қарсы әрекет ету тетіктерін оң бағалап, Арменияның ұйымға төрағалығы аясында осы мәселеге басымдық берілетінін атап өтті.
Кездесу барысында сонымен қатар сауда-экономикалық байланыстарды, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аудара отырып, Қазақстан мен Армения арасындағы қатынастардың даму перспективаларын қарастырды.
Тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдар мен Украина төңірегіндегі жағдайды талқылады.