https://sputnik.kz/20220225/sayasat-nurbek-mazhilis-deputaty-bolady-23108630.html
Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады
Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады
Sputnik Қазақстан
Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады
2022-02-25T15:58+0500
2022-02-25T15:58+0500
2022-02-25T16:14+0500
депутат
саясат
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15645071_0:0:2500:1407_1920x0_80_0_0_765a090f0a27b54e7a72c3535609bf21.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қоғам қайраткері Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады. Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады."Саяси кеңес бюросының қаулысымен Nur Otan партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді", - деп жазды Оралов Facebook-те. Айта кетері, бүгін, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ол өз үндеуінде қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналысатынын айтты. Көп ұзамай Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. ОСК Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысты мәжіліске енгізеді.Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15645071_148:0:2371:1667_1920x0_80_0_0_3ef5548867ca82880e4ab92f1c16b55b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саясат нұрбек мәжіліс депутат дариға назарбаева
саясат нұрбек мәжіліс депутат дариға назарбаева
Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады
15:58 25.02.2022 (жаңартылды: 16:14 25.02.2022) Саясат Нұрбек Дариға Назарбаеваның орнына барады
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Қоғам қайраткері Саясат Нұрбек мәжіліс депутаты болады. Бұл туралы Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады.
"Саяси кеңес бюросының қаулысымен Nur Otan партиясынан парламент мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды. Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді", - деп жазды Оралов
Facebook-те. Айта кетері, бүгін, 25 ақпанда Дариға Назарбаева мәжілістен кететінін мәлімдеді. Ол өз үндеуінде қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналысатынын айтты.
Көп ұзамай Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді. ОСК Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы ұсынысты мәжіліске енгізеді.
Еске салсақ, Дариға Назарбаева 2022 жылдың қаңтарынан бері парламентке келмеді. Алғашында ол коронавирус инфекциясынан емделіп, кейін оңалту курсынан өтіп жатқаны хабарланды. Назарбаева жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында болған.