https://sputnik.kz/20220225/reseydin-ukrainadagy-arnayy-operatsiyasynyn-algashqy-kuni-qalay-otti-23149787.html
Ресейдің Украинадағы арнайы операциясының алғашқы күні қалай өтті
Ресейдің Украинадағы арнайы операциясының алғашқы күні қалай өтті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Бірінші тәуліктегі мақсат орындалды. Бұл туралы ресйлік әскери шолушы Александр Хроленко жазды. 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T22:50+0500
2022-02-25T22:50+0500
2022-02-28T10:13+0500
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062710_0:0:2945:1657_1920x0_80_0_0_a414b85bb9ed17ce16653eb92812d795.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Бірінші тәуліктегі мақсат орындалды. Бұл туралы ресйлік әскери шолушы Александр Хроленко жазды.Дәлдігі жоғары ресейлік зымыран соққыларының салдарынан бір тәулікте Украина әуе қорғанысы әлсіреді, Украина қарулы күштері 118 маңызды әскери инфрақұрылым нысанынан, соның ішінде 11 аэродромнан, Очаководағы әскери-теңіз күштері базасынан, штабтар мен басқару пункттерінен, 5 әскери ұшақ, бір тікұшақ пен соққы жасаушы 5 Bayraktar TB2 ұшағынан, С-300 бен Бук-М1 радиолокациялық жүйеден айырылды. Ресей қорғаныс министрлігі Киевке зымыран және бомбалы шабуылдар бағытталмағанын атап өтті - 25 ақпанда украиндар өздерінің Су-27 ұшағын қателесіп атып түсірген.Донецк пен Луганск халық республикаларының әскери құрылымдары украин әскерінің қорғанысын бұзып, ресейлік артиллерия мен армия авиациясының қолдауымен батысқа қарай 12 километрге алға жылжыды. РФ Қарулы күштерінің десанты 24 ақпанда Киев облысындағы Гостомель аэродромына қонды және бүгін әуе-десант әскері Украина астанасын бұғаттады.Хроленконың ақпараты бойынша, ресейлік әскери бөлімшелер Чернигов қаласын толығымен жауып тастады, солтүстікте Сумы және оңтүстікте Херсон облыс орталығын бақылауға алды (Солтүстік Қырым арнасы арқылы Қырымға су беру қалпына келтірілді). РФ әскері солтүстік пен оңтүстіктен Черкасқа қарай жылжып жатыр.Украина қарулы күштерінің бөлімшелері бүгінде Донбастағы әскери іс-қимылдарға қатысып жатқан жоқ. УҚК 36-бригаданың теңіз жаяу әскер бөлімшесі Донецк халық республикасының билігінен қаруды тапсыру үшін тәуелсіз республикаға шығуға арналған гуманитарлық дәліз сұрады.РФ қорғаныс министрлігі 25 ақпанда террористердің ядролық арандату жүргізуіне жол бермес үшін ресейлік десантшылар мен Чернобыль ЭС күзет батальонының украин әскерилері біресіп әрекет еткенін хабарлады."РФ қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Украина қарулы күштерінің құрамына бұрын кіріктірілген националистер кері шегінген сарбаздарға оқ атып жатыр. Сонымен қатар Киев режимі халыққа қару таратып, 90 тәулікке дейін жалпыға ортақ мобилизация жарияланды", - деп жазды әскери шолушы.Украин нөмірлі автокөліктердің Польша, Словакия, Венгрия мен Румыния шекарасындағы ұзақ-сонар кезегі халықтың бұл соғысқа араласудан бас тартқанын, Киев режимін қолдамайтынын білдіріп тұр. Киевтегі Шевченко алаңында "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе орнату арқылы Украина қарулы күштері бейбіт халықтың басын үлкен қатерге тігіп отыр.Әскери операция басталған алғашқы сағаттарда-ақ РФ әскері әуеде, теңізде, негізгі магистральдерде басымдыққа ие болып, бірнеше жыл бойы НАТО мен АҚШ Украинаға жеткізген қару-жарақтың көбінің көзін жойды.Пентагонның мәліметінше, Ресей 160-тан астам дәлдігі жоғары қанатты зымыран қолданған. Алайда Ресей армиясы Украинаның бейбіт тұрғындарының өміріне қауіп төндірген жоқ. Ресей қарулы күштерінің бұл әрекеті бірде-бір бейбіт тұрғын қаза болмаған 2008 жылғы тамызда Грузиядағы іс-қимылды еске түсіреді."Көлемі үлкен украин жерінде арнайы әскери операция өткізу кезіндегі ресейлік әскердің қарқыны, дәлдігі мен тиімділігі өзгелерге, әсіресе АҚШ пен НАТО-ға үлгі бола алады. Территориясы мен халық саны жағынан Украина Ауғанстанмен тең түседі. Өкініштісі - 20 жылға созылған әскери операция кезінде АҚШ пен НАТО жаңа, демилитаризацияланған және қауіпіз мемлекет құра алмады", - деп жазды шолушы.Еуроодақ пен АҚШ антиресейлік жаңа санкцияларды жария еткен шақта РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудегі баспасөз конферецниясында Ресей Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауды қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Ол Украина қарулы күштері қаруды тастаған кезде келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, Ресей Украинамен келіссөз жүргізу үшін Минскке өз делегациясын жіберуге дайын екені белгілі болды.Хроленко Киевті украин нацистерінен босатқаннан кейін әлемде көп жағдай өзгеретінін жазды. Оның айтуынша, Ұлыбританияның Украина президенті Владимир Зеленскийге және үкімет мүшелеріне бас сауғалайтын орын ұсынуы да кездейсоқ емес.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23062710_216:0:2945:2047_1920x0_80_0_0_0e282da5bccd8295134a6c5275dddbe7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Бірінші тәуліктегі мақсат орындалды. Бұл туралы ресйлік әскери шолушы Александр Хроленко жазды.
Дәлдігі жоғары ресейлік зымыран соққыларының салдарынан бір тәулікте Украина әуе қорғанысы әлсіреді, Украина қарулы күштері 118 маңызды әскери инфрақұрылым нысанынан, соның ішінде 11 аэродромнан, Очаководағы әскери-теңіз күштері базасынан, штабтар мен басқару пункттерінен, 5 әскери ұшақ, бір тікұшақ пен соққы жасаушы 5 Bayraktar TB2 ұшағынан, С-300 бен Бук-М1 радиолокациялық жүйеден айырылды. Ресей қорғаныс министрлігі Киевке зымыран және бомбалы шабуылдар бағытталмағанын атап өтті - 25 ақпанда украиндар өздерінің Су-27 ұшағын қателесіп атып түсірген.
Донецк пен Луганск халық республикаларының әскери құрылымдары украин әскерінің қорғанысын бұзып, ресейлік артиллерия мен армия авиациясының қолдауымен батысқа қарай 12 километрге алға жылжыды. РФ Қарулы күштерінің десанты 24 ақпанда Киев облысындағы Гостомель аэродромына қонды және бүгін әуе-десант әскері Украина астанасын бұғаттады.
Хроленконың ақпараты бойынша, ресейлік әскери бөлімшелер Чернигов қаласын толығымен жауып тастады, солтүстікте Сумы және оңтүстікте Херсон облыс орталығын бақылауға алды (Солтүстік Қырым арнасы арқылы Қырымға су беру қалпына келтірілді). РФ әскері солтүстік пен оңтүстіктен Черкасқа қарай жылжып жатыр.
Украина қарулы күштерінің бөлімшелері бүгінде Донбастағы әскери іс-қимылдарға қатысып жатқан жоқ. УҚК 36-бригаданың теңіз жаяу әскер бөлімшесі Донецк халық республикасының билігінен қаруды тапсыру үшін тәуелсіз республикаға шығуға арналған гуманитарлық дәліз сұрады.
РФ қорғаныс министрлігі 25 ақпанда террористердің ядролық арандату жүргізуіне жол бермес үшін ресейлік десантшылар мен Чернобыль ЭС күзет батальонының украин әскерилері біресіп әрекет еткенін хабарлады.
"РФ қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша, Украина қарулы күштерінің құрамына бұрын кіріктірілген националистер кері шегінген сарбаздарға оқ атып жатыр. Сонымен қатар Киев режимі халыққа қару таратып, 90 тәулікке дейін жалпыға ортақ мобилизация жарияланды", - деп жазды әскери шолушы.
Украин нөмірлі автокөліктердің Польша, Словакия, Венгрия мен Румыния шекарасындағы ұзақ-сонар кезегі халықтың бұл соғысқа араласудан бас тартқанын, Киев режимін қолдамайтынын білдіріп тұр. Киевтегі Шевченко алаңында "Град" жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйе орнату арқылы Украина қарулы күштері бейбіт халықтың басын үлкен қатерге тігіп отыр.
Әскери операция басталған алғашқы сағаттарда-ақ РФ әскері әуеде, теңізде, негізгі магистральдерде басымдыққа ие болып, бірнеше жыл бойы НАТО мен АҚШ Украинаға жеткізген қару-жарақтың көбінің көзін жойды.
Пентагонның мәліметінше, Ресей 160-тан астам дәлдігі жоғары қанатты зымыран қолданған. Алайда Ресей армиясы Украинаның бейбіт тұрғындарының өміріне қауіп төндірген жоқ. Ресей қарулы күштерінің бұл әрекеті бірде-бір бейбіт тұрғын қаза болмаған 2008 жылғы тамызда Грузиядағы іс-қимылды еске түсіреді.
"Көлемі үлкен украин жерінде арнайы әскери операция өткізу кезіндегі ресейлік әскердің қарқыны, дәлдігі мен тиімділігі өзгелерге, әсіресе АҚШ пен НАТО-ға үлгі бола алады. Территориясы мен халық саны жағынан Украина Ауғанстанмен тең түседі. Өкініштісі - 20 жылға созылған әскери операция кезінде АҚШ пен НАТО жаңа, демилитаризацияланған және қауіпіз мемлекет құра алмады", - деп жазды шолушы.
Еуроодақ пен АҚШ антиресейлік жаңа санкцияларды жария еткен шақта РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудегі баспасөз конферецниясында Ресей Украинаны демилитаризациялау және денацификациялауды қамтамасыз ететінін мәлімдеді. Ол Украина қарулы күштері қаруды тастаған кезде келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты. Сонымен қатар, Ресей Украинамен келіссөз жүргізу үшін Минскке өз делегациясын жіберуге дайын екені белгілі болды.
Хроленко Киевті украин нацистерінен босатқаннан кейін әлемде көп жағдай өзгеретінін жазды. Оның айтуынша, Ұлыбританияның Украина президенті Владимир Зеленскийге және үкімет мүшелеріне бас сауғалайтын орын ұсынуы да кездейсоқ емес.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.