https://sputnik.kz/20220225/mugalim-mektep-direktory-qyzmet-23112965.html
Жүкті мұғалімді ұрып-соққан: мектеп директоры қызметінен босатылды
Жүкті мұғалімді ұрып-соққан: мектеп директоры қызметінен босатылды
Sputnik Қазақстан
Педагогикалық жүктемені ұстаздар арасында бөлуге байланысты дау туындаған 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T17:39+0500
2022-02-25T17:39+0500
2022-02-25T17:39+0500
мұғалім
дау-жанжал
https://sputnik.kz/img/07e5/04/15/16851930_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_7fdd0c7fd811d3305fb3c172204e5e95.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Түркістан облысындағы мектептердің бірінде мұғалімдер арасында жанжал шығып, директор қызметінен босатылды.Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шардара ауданындағы Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі С. Жақыпованың Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған бейнеүндеуін қарады.Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының директоры М. Қаныбеков қызметінен босатылды. Директордың орынбасары Р. Мұсалиеваға қатысты 409-бап бойынша "Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде құрмет көрсетпегені үшін" әкімшілік іс қозғалды.Шардара аудандық соты директордың орынбасарына 30 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.Қазіргі уақытта мектеп директорының орынбасарын қызметінен босату туралы мәселе сотта қаралып жатыр.Еске сала кетейік, жәбірленуші осы оқиғадан кейін құрсағындағы нәрестесінен айырылғанын айтқан болатын.Айта кетері, мектептер заң жүзінде әкімдіктердің қарамағында. Білім басқармаларының басшыларын әкімдер тағайындайды. Ал басқарма басшылары мектеп директорларын тағайындайды. Сондай-ақ қаржыландыру да әкімдіктердің құзырында.
https://sputnik.kz/20220225/direktor-orynbasary-zhukti-mugalim-23086782.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/15/16851930_106:0:1814:1281_1920x0_80_0_0_ed077f3d659560fbc538fb2297204213.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, дау-жанжал
Жүкті мұғалімді ұрып-соққан: мектеп директоры қызметінен босатылды
Педагогикалық жүктемені ұстаздар арасында бөлуге байланысты дау туындаған
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Түркістан облысындағы мектептердің бірінде мұғалімдер арасында жанжал шығып, директор қызметінен босатылды.
Облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Шардара ауданындағы Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі С. Жақыпованың Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған бейнеүндеуін қарады.
"Мектеп директорының орынбасары мен мұғалімнің арасында педагогикалық жүктемені ұстаздар арасында бөлуге байланысты дау туындаған", - деп хабарлады департамент мамандары.
Төлеген Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының директоры М. Қаныбеков қызметінен босатылды. Директордың орынбасары Р. Мұсалиеваға қатысты 409-бап бойынша "Педагогке өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде құрмет көрсетпегені үшін" әкімшілік іс қозғалды.
Шардара аудандық соты директордың орынбасарына 30 АЕК көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.
Қазіргі уақытта мектеп директорының орынбасарын қызметінен босату туралы мәселе сотта қаралып жатыр.
Еске сала кетейік, жәбірленуші осы оқиғадан кейін құрсағындағы нәрестесінен айырылғанын айтқан болатын.
Айта кетері, мектептер заң жүзінде әкімдіктердің қарамағында. Білім басқармаларының басшыларын әкімдер тағайындайды. Ал басқарма басшылары мектеп директорларын тағайындайды. Сондай-ақ қаржыландыру да әкімдіктердің құзырында.