https://sputnik.kz/20220225/mangystau-energetikter-zhalaqy-23087720.html
Маңғыстау энергетиктері жалақыны 70 %-ке көтеруді талап етті: еңбек дауы немен аяқталды
Маңғыстау энергетиктері жалақыны 70 %-ке көтеруді талап етті: еңбек дауы немен аяқталды
Sputnik Қазақстан
Комиссия отырысында наразылық акциясына шыққан кәсіпорын жұмысшыларының алты талабы қаралды 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T09:58+0500
2022-02-25T09:58+0500
2022-02-25T09:58+0500
өңірлер
маңғыстау облысы
жұмысшылар
ереуіл
https://sputnik.kz/img/1192/43/11924327_130:0:1165:582_1920x0_80_0_0_12ce331e119cdaf3630e88e223dceed2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. "Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясы" АҚ жұмысшыларының жалақысы 15 процентке көтеріледі. Мұндай шешім компания басшылығы мен жұмысшылары арасында өткен келіссөз аясында шығарылды.Келісімге келу комиссиясының жұмысы 24 ақпанда аяқталды. Оның құрамына "МӨЭК" АҚ басшылығының өкілдері, кәсіпорынның 30 жұмысшысы мен кәсіподақ ұйымының өкілдері кірді.Комиссия отырысында наразылық акциясына шыққан кәсіпорын жұмысшыларының алты талабы қаралды."Төрт күндік комиссия отырысы кезінде кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын 15 процентке көтеру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелер шешімін тапты", - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.Естеріңізге сала кетейік, "МӨЭК" АҚ жұмысшылары жалақыны 70 процентке көтеруді талап етті.Жалақыны көтеруге қатысты еңбек дауы 21 ақпанда басталды. Кәсіпорын жұмысшылары президентке бейнеүндеу жолдады.Кәсіпорын басшысы Айдар Махамбет 2021 шілде айында жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткені және жыл қорытындысы бойынша оны 10-35 процентке көтеру туралы шешім шығарылғанын еске салды. Оның айтуынша, кәсіпорын талаптарды орындады, 2021 жылы жұмысшылардың жалақасы 41%-ке көтерілді, жыл соңында индексация жасалып тағы бес процент қосылған. Ал жалақыны 70 процентке өсіру тарифтің өсуіне әсер етеді.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1192/43/11924327_259:0:1035:582_1920x0_80_0_0_a96cf868f6e6c4e4d4510c428fe32984.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, жұмысшылар, ереуіл
маңғыстау облысы, жұмысшылар, ереуіл
Маңғыстау энергетиктері жалақыны 70 %-ке көтеруді талап етті: еңбек дауы немен аяқталды
Комиссия отырысында наразылық акциясына шыққан кәсіпорын жұмысшыларының алты талабы қаралды
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. "Маңғыстау өңірлік электр желілері компаниясы" АҚ жұмысшыларының жалақысы 15 процентке көтеріледі. Мұндай шешім компания басшылығы мен жұмысшылары арасында өткен келіссөз аясында шығарылды.
Келісімге келу комиссиясының жұмысы 24 ақпанда аяқталды. Оның құрамына "МӨЭК" АҚ басшылығының өкілдері, кәсіпорынның 30 жұмысшысы мен кәсіподақ ұйымының өкілдері кірді.
Комиссия отырысында наразылық акциясына шыққан кәсіпорын жұмысшыларының алты талабы қаралды.
"Төрт күндік комиссия отырысы кезінде кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын 15 процентке көтеру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелер шешімін тапты", - деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, "МӨЭК" АҚ жұмысшылары жалақыны 70 процентке көтеруді талап етті.
Жалақыны көтеруге қатысты еңбек дауы 21 ақпанда басталды. Кәсіпорын жұмысшылары президентке бейнеүндеу жолдады.
Кәсіпорын басшысы Айдар Махамбет 2021 шілде айында жұмысшылар жалақыны көтеруді талап еткені және жыл қорытындысы бойынша оны 10-35 процентке көтеру туралы шешім шығарылғанын еске салды.
Оның айтуынша, кәсіпорын талаптарды орындады, 2021 жылы жұмысшылардың жалақасы 41%-ке көтерілді, жыл соңында индексация жасалып тағы бес процент қосылған. Ал жалақыны 70 процентке өсіру тарифтің өсуіне әсер етеді.