https://sputnik.kz/20220225/kurdeli-zhagdayd-smayylov-23090916.html
ЕАЭО 2022 жылды күрделі жағдайда бастады – Смайылов
ЕАЭО 2022 жылды күрделі жағдайда бастады – Смайылов
Sputnik Қазақстан
Әр ел өзінің ұлттық мүддесін қорғауға тырысады, деді премьер 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T11:06+0500
2022-02-25T11:06+0500
2022-02-25T11:10+0500
саясат
әлихан смайылов
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19113005_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_53572fd7a2a8e6cc0fbdb99cb50bc3e5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері 2022 жылды күрделі жағдайда бастады, деді Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында. Оның айтуынша, ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары бейсенбі, 24 ақпанда, экономикалық интеграцияны дамытуға бағытталған бірқатар мәселелерді талқылады."Әр ел өзінің ұлттық мүддесін, ұлттық нарығын қорғауға тырысады.Экономикалық турбуленттік жағдайында біздің стратегиялық болашағымыз үшін ұлттық мүдде мен интеграциялық процестердің тиімді балансын табу қажет", - деді ол.Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің экономикасы 2021 жылы қалпына келуде белсенділік танытып, пандемияға дейінгі көрсеткішке көтерілгенін атап өтті."Сонымен қатар сарапшылар биыл әлемдік экономиканың өсімін болжап отыр. Одақтың ішкі жалпы өнімі биыл 3,1 процентке көтеріледі деп жоспарланған", - деді премьер-министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19113005_306:0:3037:2048_1920x0_80_0_0_fa51c0f8abf5f016d9e840cb29505cc5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, еаэо
ЕАЭО 2022 жылды күрделі жағдайда бастады – Смайылов
11:06 25.02.2022 (жаңартылды: 11:10 25.02.2022) Әр ел өзінің ұлттық мүддесін қорғауға тырысады, деді премьер
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ елдері 2022 жылды күрделі жағдайда бастады, деді Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында.
"Осы жылды күрделі жағдайда бастағалы тұрмыз – геосаяси тұрақсыздық, жоғары инфляция біздің елдер үшін оңайға соқпайды. Алайда тәжірибе көрсеткендей, біз жаңа экономикалық өзгерістерге жедел әрі ынтымақтастықта жауап беруді үйрендік", - деді Смайылов.
Оның айтуынша, ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары бейсенбі, 24 ақпанда, экономикалық интеграцияны дамытуға бағытталған бірқатар мәселелерді талқылады.
"Әр ел өзінің ұлттық мүддесін, ұлттық нарығын қорғауға тырысады.Экономикалық турбуленттік жағдайында біздің стратегиялық болашағымыз үшін ұлттық мүдде мен интеграциялық процестердің тиімді балансын табу қажет", - деді ол.
Әлихан Смайылов ЕАЭО елдерінің экономикасы 2021 жылы қалпына келуде белсенділік танытып, пандемияға дейінгі көрсеткішке көтерілгенін атап өтті.
"Сонымен қатар сарапшылар биыл әлемдік экономиканың өсімін болжап отыр. Одақтың ішкі жалпы өнімі биыл 3,1 процентке көтеріледі деп жоспарланған", - деді премьер-министр.