https://sputnik.kz/20220225/batys-resey-sanktsiyalar-23151710.html
Батыс Ресейге қатысты қандай санкциялар енгізуі мүмкін
Батыс Ресейге қатысты қандай санкциялар енгізуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Әскери операция басталғанға дейін Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындағаны үшін Батыс елдері Ресейге қарсы... 25.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-25T19:12+0500
2022-02-25T19:12+0500
2022-02-28T10:55+0500
әлем
украина
ресей
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_e4b95e5d1b2fd94a2e470e0e799da65d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Әскери операция басталғанға дейін Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындағаны үшін Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялар пакетін қабылдады. Бұл туралы РИА Новости жазды.Ресейдің дербес қарызына қарсы америкалық санкциялар, немістердің "Солтүстік ағын – 2" сертификациясын тоқтатуы, ресейлік банктер мен компанияларға қатысты қабылданған жекелеген шектеулердің барлығы Ресейдің Украина аумағындағы іс-қимылына қатысты болып отыр.Ресейлік әскерилердің Украинада демилитаризация жүргізуіне батыстағы серіктестер қатты наразы екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда батыстық БАҚ "Киевке шабуыл жасалды!", "Чернобыль үшін шайқас!", "Бүгінгі апокалипсис!", "Соғысқа жол жоқ!" деген сынды тақырыппен ақпарат таратты."Мұның барлығы белгілі жайт еді. Бірақ орыстардың украин жеріне бейбітшілік алып келуге тырысып жатқаны үшін батыстағы серіктестер қандай жаза қолданбақшы? Қорғаныс саласына қатысты айтсақ, онда НАТО әскер саласында өзінің шығыстағы контингентін арттыруға уәде етті. Негізінен, Румынияда және Балтық маңында. Ал Украина қайда қалды?", - деп жазды РИА Новости тілшісі."Украина аумағында НАТО күштері жоқ және оларды украин жеріне бағыттау жоспары да жоқ. Біз Украинаны қолдаймыз. Алайда қауіпсіздік бойынша нақты кепілдіктерді НАТО бойынша одақтастарға ғана ұсына аламыз", - деді Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.Америкалық әскерилердің белсенділігі НАТО елдерінің аумағында ғана өтетінін, олар Украинаға бармайтынын НАТО-дағы көшбасшы ел, АҚШ президенті Джо Байден де растады.Ресейлік БАҚ жазғандай, экономика саласында ағылшын премьер-министрі Борис Джонсон "Ресей экономикасын құлдыратамын" деп сес көрсетті. Осылайша Ұлыбританияда ВТБ активтері бұғатталды. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен "жаңа санкциялар Ресей экономикасының дамуын тежеп, инфляцияны үдететінін, кредит бағасы өсіп, өнеркәсіп базасы тоқырауға тап болатынын" уәде етті. Тіпті Чехия президенті Милош Земан Путин әрекетіне тежеу болып, Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратуға шақырды.Джо Байден ресейлік төрт банкке, соның ішінде ең ірі қаржы мекемесі ВТБ-ға қатысты санкция қабылданғанын мәлімдеді. Осыған байланысты доллар, еуро, фунт, иенмен жүргізілетін валюталық операцияларға қауіп төнеді. Ресейге жоғары технологиялық өнім экпорттауға шектеу енгізілетіні туралы болжам бар. Алайда Байден SWIFT-тен ажырату туралы ештеңе айтпады.Бұл іс-шаралардың барлығы Ресей үшін жағымсыз болатыны сөзсіз. Бірақ оның экономикасын құлдырата ала ма? Бұл екіталай. Себебі 2014 жылдан бері санкциядан көз ашпай келе жатқан Ресей мұндай шектеулерге бейімделіп үлгерген. Еуропаның көмірсутектен бас тартуы, қаржы транзакцияларының кешігуі аз мерзімде айтарлықтай қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ, ақырында бұл орыс экономикасын диверсификациялап, импорттың орнын алмастыруды қарқынды жүргізуге ықпал етеді. Мұның барлығы неоиндустриализациялауға үлкен серпін береді. Оның үстіне, бұғаттайтын шетелдік активтер Ресейде де жетерлік.Ал бұл санкциялар батыстағы, әсіресе еуропалық серіктестерге орасан зор зян келтіретіні анық. Себебі Дмитрий Медведев оларға газ бағасы екі мың еуро болатынын уәде етті. Бұл коммуналдық төлем бағасының шарықтауы мен жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы ғана емес, бұл, сондай-ақ еуропалық фирмалар мен кәсіпорындардың жаппай тоқырауға ұшырап, ЕО экономикасының құлдырауын білдіреді. Ресейді доллар және еуро операцияларынан ажырату осы валюталарға қатысты жалпы сенімге нұқсан келтіреді. Ресейлік экспорттан бас тарту ең алдымен Ресейдегі емес, еуропалық тауар өндірушілерге залал келтіреді.РИА Новости тілшісі жазғандай, Еуропа мен АҚШ-тағы қазіргі ахуал басқа мемлекеттің экономикасын басып-жаншитындай қауқарда емес. Соның дәлелі ретінде Nasdaq, Meta (экс-Facebook), Netflix, Nvidia мен Tesla, Microsoft, Amazon, Alphabet акцияларының құлдырауын атауға болады.Батыстағы БАҚ мұның барлығы "Ресей агрессиясының" салдары деп жазғанымен, ақиқатында, нарықты шайқалтып отырған батыс элитасы тым жиі қолданатын санкциялар болып отыр. Осылай жалғаса берсе, батыстағы серіктестер биржа дағдарысына тап болатын күн алыс емес.Guardian тілшісі Брюссельден жүргізген репортаж материалына сүйенсек, ықтимал санкцияларды талқылау кезінде Италия, Германия мен Кипр кейбір санкцияларға қарсы болған. Франция мен Германия бұл процесті тежеп, АҚШ пен Ұлыбритания бірінші болып санкция енгізуін күтуді ұсынды. Балтық маңы елдері ресейліктерге туристік виза сатудан бас тартуды ұсынды. Польша да осы ұсынысты қолдады.
https://sputnik.kz/20220225/ukraina-qaqtygys-qazaqstan-ukimeti-23098422.html
украина
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_543df1950fc08de0079e63e8f082b6ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ресей
НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Әскери операция басталғанға дейін Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындағаны үшін Батыс елдері Ресейге қарсы санкциялар пакетін қабылдады. Бұл туралы
РИА Новости жазды.
Ресейдің дербес қарызына қарсы америкалық санкциялар, немістердің "Солтүстік ағын – 2" сертификациясын тоқтатуы, ресейлік банктер мен компанияларға қатысты қабылданған жекелеген шектеулердің барлығы Ресейдің Украина аумағындағы іс-қимылына қатысты болып отыр.
Ресейлік әскерилердің Украинада демилитаризация жүргізуіне батыстағы серіктестер қатты наразы екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда батыстық БАҚ "Киевке шабуыл жасалды!", "Чернобыль үшін шайқас!", "Бүгінгі апокалипсис!", "Соғысқа жол жоқ!" деген сынды тақырыппен ақпарат таратты.
"Мұның барлығы белгілі жайт еді. Бірақ орыстардың украин жеріне бейбітшілік алып келуге тырысып жатқаны үшін батыстағы серіктестер қандай жаза қолданбақшы? Қорғаныс саласына қатысты айтсақ, онда НАТО әскер саласында өзінің шығыстағы контингентін арттыруға уәде етті. Негізінен, Румынияда және Балтық маңында. Ал Украина қайда қалды?", - деп жазды РИА Новости тілшісі.
"Украина аумағында НАТО күштері жоқ және оларды украин жеріне бағыттау жоспары да жоқ. Біз Украинаны қолдаймыз. Алайда қауіпсіздік бойынша нақты кепілдіктерді НАТО бойынша одақтастарға ғана ұсына аламыз", - деді Солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.
Америкалық әскерилердің белсенділігі НАТО елдерінің аумағында ғана өтетінін, олар Украинаға бармайтынын НАТО-дағы көшбасшы ел, АҚШ президенті Джо Байден де растады.
Ресейлік БАҚ жазғандай, экономика саласында ағылшын премьер-министрі Борис Джонсон "Ресей экономикасын құлдыратамын" деп сес көрсетті. Осылайша Ұлыбританияда ВТБ активтері бұғатталды. Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен "жаңа санкциялар Ресей экономикасының дамуын тежеп, инфляцияны үдететінін, кредит бағасы өсіп, өнеркәсіп базасы тоқырауға тап болатынын" уәде етті. Тіпті Чехия президенті Милош Земан Путин әрекетіне тежеу болып, Ресейді SWIFT жүйесінен ажыратуға шақырды.
Джо Байден ресейлік төрт банкке, соның ішінде ең ірі қаржы мекемесі ВТБ-ға қатысты санкция қабылданғанын мәлімдеді. Осыған байланысты доллар, еуро, фунт, иенмен жүргізілетін валюталық операцияларға қауіп төнеді. Ресейге жоғары технологиялық өнім экпорттауға шектеу енгізілетіні туралы болжам бар. Алайда Байден SWIFT-тен ажырату туралы ештеңе айтпады.
Бұл іс-шаралардың барлығы Ресей үшін жағымсыз болатыны сөзсіз. Бірақ оның экономикасын құлдырата ала ма? Бұл екіталай. Себебі 2014 жылдан бері санкциядан көз ашпай келе жатқан Ресей мұндай шектеулерге бейімделіп үлгерген. Еуропаның көмірсутектен бас тартуы, қаржы транзакцияларының кешігуі аз мерзімде айтарлықтай қиындық тудыруы мүмкін. Бірақ, ақырында бұл орыс экономикасын диверсификациялап, импорттың орнын алмастыруды қарқынды жүргізуге ықпал етеді. Мұның барлығы неоиндустриализациялауға үлкен серпін береді. Оның үстіне, бұғаттайтын шетелдік активтер Ресейде де жетерлік.
Ал бұл санкциялар батыстағы, әсіресе еуропалық серіктестерге орасан зор зян келтіретіні анық. Себебі Дмитрий Медведев оларға газ бағасы екі мың еуро болатынын уәде етті. Бұл коммуналдық төлем бағасының шарықтауы мен жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы ғана емес, бұл, сондай-ақ еуропалық фирмалар мен кәсіпорындардың жаппай тоқырауға ұшырап, ЕО экономикасының құлдырауын білдіреді. Ресейді доллар және еуро операцияларынан ажырату осы валюталарға қатысты жалпы сенімге нұқсан келтіреді. Ресейлік экспорттан бас тарту ең алдымен Ресейдегі емес, еуропалық тауар өндірушілерге залал келтіреді.
РИА Новости тілшісі жазғандай, Еуропа мен АҚШ-тағы қазіргі ахуал басқа мемлекеттің экономикасын басып-жаншитындай қауқарда емес. Соның дәлелі ретінде Nasdaq, Meta (экс-Facebook), Netflix, Nvidia мен Tesla, Microsoft, Amazon, Alphabet акцияларының құлдырауын атауға болады.
Батыстағы БАҚ мұның барлығы "Ресей агрессиясының" салдары деп жазғанымен, ақиқатында, нарықты шайқалтып отырған батыс элитасы тым жиі қолданатын санкциялар болып отыр. Осылай жалғаса берсе, батыстағы серіктестер биржа дағдарысына тап болатын күн алыс емес.
Guardian тілшісі Брюссельден жүргізген репортаж материалына сүйенсек, ықтимал санкцияларды талқылау кезінде Италия, Германия мен Кипр кейбір санкцияларға қарсы болған. Франция мен Германия бұл процесті тежеп, АҚШ пен Ұлыбритания бірінші болып санкция енгізуін күтуді ұсынды. Балтық маңы елдері ресейліктерге туристік виза сатудан бас тартуды ұсынды. Польша да осы ұсынысты қолдады.