https://sputnik.kz/20220224/utilizatsiyalyq-alym-zhana-molsher-23051731.html
Утилизациялық алымның жаңа мөлшері қашан қабылданады
Утилизациялық алымның жаңа мөлшері қашан қабылданады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Экология және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері утилизациялық алымның жаңа тарифтері қашан бекітілетінін... 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T11:22+0500
2022-02-24T11:22+0500
2022-02-24T11:26+0500
экономика
көлік
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15202235_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_6d656d0fe2873a2514d1fc262783a43d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Экология және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері утилизациялық алымның жаңа тарифтері қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Экология министрлігі қалдықтарды басқару бойынша мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбайдың айтуынша, алдымен утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізу керек. Одан кейін мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі. Ең соңында тиісті құжат бекітіледі."Кешеден бері тиісті жұмыс басталды. Мен нақты датасын айта алмаймын. Алайда бұл өзекті мәселе екенін бәріміз білеміз. Оны барынша тездетіп шешу керек. Мемлекеттік органдар мен бірқатар сараптамалар бойынша, соның ішінде жемқорлыққа қарсы және ғылыми сараптаманың қорытындысын алып, барлық органдардың келісімін аламыз деп ойлаймын. Одан кейін әділет министрлігіне тіркеу үшін жібереміз. Сондықтан жақын арада барлық төлем бекітіледі деген үміт бар", - деді Ошурбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 1 мамырға дейін нақты дедлайның бар екенін жеткізді."Соған дейін барлық жұмысты бітіруіміз керек. Алайда одан да тез жасаймыз деп ойлаймын. Бәлкім, сәуірдің ортасы немесе басы болады", - деп атап көрсетті Қарабаев.Еске сала кетсек, автокөліктің барлық түрі және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утилизациялық алым мөлшері 50 процентке төмендетіліп отыр.
https://sputnik.kz/20220223/utilizatsiyalyq-alymnyn-stavkaksy-23024592.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0f/15202235_441:0:3172:2048_1920x0_80_0_0_6dd143d5254c8edac202c51b007ccb0f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Утилизациялық алымның жаңа мөлшері қашан қабылданады
11:22 24.02.2022 (жаңартылды: 11:26 24.02.2022) НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Экология және индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері утилизациялық алымның жаңа тарифтері қашан бекітілетінін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экология министрлігі қалдықтарды басқару бойынша мемлекеттік саясат департаментінің директоры Мансұр Ошурбайдың айтуынша, алдымен утилизациялық төлемді есептеу әдістемесіне өзгеріс енгізу керек. Одан кейін мемлекеттік органдардың қарауына жіберіледі. Ең соңында тиісті құжат бекітіледі.
"Кешеден бері тиісті жұмыс басталды. Мен нақты датасын айта алмаймын. Алайда бұл өзекті мәселе екенін бәріміз білеміз. Оны барынша тездетіп шешу керек. Мемлекеттік органдар мен бірқатар сараптамалар бойынша, соның ішінде жемқорлыққа қарсы және ғылыми сараптаманың қорытындысын алып, барлық органдардың келісімін аламыз деп ойлаймын. Одан кейін әділет министрлігіне тіркеу үшін жібереміз. Сондықтан жақын арада барлық төлем бекітіледі деген үміт бар", - деді Ошурбай орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев 1 мамырға дейін нақты дедлайның бар екенін жеткізді.
"Соған дейін барлық жұмысты бітіруіміз керек. Алайда одан да тез жасаймыз деп ойлаймын. Бәлкім, сәуірдің ортасы немесе басы болады", - деп атап көрсетті Қарабаев.
Еске сала кетсек, автокөліктің барлық түрі және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утилизациялық алым мөлшері 50 процентке төмендетіліп отыр.