https://sputnik.kz/20220224/uqshu-askeri-resey-ukraina-23052634.html
ҰҚШҰ әскері Ресей мен Украинаның қарулы қақтығысына қатыспайды – Әшімбаев
ҰҚШҰ әскері Ресей мен Украинаның қарулы қақтығысына қатыспайды – Әшімбаев
Sputnik Қазақстан
Дегенмен БҰҰ мандаты аясында қазақстандық бітімгерлер жіберілуі мүмкін 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T11:33+0500
2022-02-24T11:33+0500
2022-03-01T14:44+0500
мәулен әшімбаев
ресей
украина
ұқшұ
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/1394/49/13944951_0:129:3072:1857_1920x0_80_0_0_a9f527fe308f67f3a8b88647e7a4cf10.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлері Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысқа жұмылдырылмайды. Өйткені бұл аймақ ҰҚШҰ әскерінің іс-қимыл аумағына кірмейді. Бұл туралы сенат кулуарында жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Спикер қазақстандық әскери қызметкерлер қақтығысқа қатыспайтынына сендірді. Алайда БҰҰ мандаты аясында шешім қабылданған жағдайда бітімгерлер жіберілуі мүмкін."Бұл жағдайда біз мынаны ескеруіміз қажет – Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі. Осы тұста мынадай сұрақ туады: қазақстандық бітімгерлер қақтығыс аймағына жіберілуі мүмкін бе? Бұл жерде де біздің позиция айқын", - деді Әшімбаев.Сондай-ақ ол БҰҰ жарғысы және басқа да құжаттарға сәйкес Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тыс аумаққа өз бітімгерлерін тек БҰҰ мандатына сай жібере алатынын атап өтті.Бұған дейін Әшімбаев жағдай шиеленіскеніне қарамастан, оны бейбіт жолмен шешуге болатынын айтқан еді.Еске салсақ, 22 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеді. 24 ақпанда Путин ресейліктерге жолдаған арнайы үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында әскери жағдай енгізді.
https://sputnik.kz/20220224/senat-spikeri-ukrainadagy-zhagday-23051425.html
ресей
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1394/49/13944951_767:673:2600:2048_1920x0_80_0_0_168d27f8e7223dca820c3cd15026beca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәулен әшімбаев, ресей, украина, ұқшұ
мәулен әшімбаев, ресей, украина, ұқшұ
ҰҚШҰ әскері Ресей мен Украинаның қарулы қақтығысына қатыспайды – Әшімбаев
11:33 24.02.2022 (жаңартылды: 14:44 01.03.2022) Дегенмен БҰҰ мандаты аясында қазақстандық бітімгерлер жіберілуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерлері Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысқа жұмылдырылмайды. Өйткені бұл аймақ ҰҚШҰ әскерінің іс-қимыл аумағына кірмейді. Бұл туралы сенат кулуарында жоғарғы палата төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Спикер қазақстандық әскери қызметкерлер қақтығысқа қатыспайтынына сендірді. Алайда БҰҰ мандаты аясында шешім қабылданған жағдайда бітімгерлер жіберілуі мүмкін.
"Бұл жағдайда біз мынаны ескеруіміз қажет – Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының мүшесі. Осы тұста мынадай сұрақ туады: қазақстандық бітімгерлер қақтығыс аймағына жіберілуі мүмкін бе? Бұл жерде де біздің позиция айқын", - деді Әшімбаев.
Сондай-ақ ол БҰҰ жарғысы және басқа да құжаттарға сәйкес Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тыс аумаққа өз бітімгерлерін тек БҰҰ мандатына сай жібере алатынын атап өтті.
Бұған дейін Әшімбаев жағдай шиеленіскеніне қарамастан, оны бейбіт жолмен шешуге болатынын айтқан еді.
Еске салсақ, 22 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындайтынын мәлімдеді. 24 ақпанда Путин ресейліктерге жолдаған арнайы үндеуінде Донбасста арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағында әскери жағдай енгізді.