https://sputnik.kz/20220224/toqaev-mysyr-prezidenti-qazaqstan-23073303.html
Тоқаев Мысыр президентін Қазақстанға шақырды
Тоқаев Мысыр президентін Қазақстанға шақырды
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда екі ел арасындағы байланыстардың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр, деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T20:56+0500
2022-02-24T20:56+0500
2022-02-24T20:56+0500
саясат
қасым-жомарт тоқаев
мысыр
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23071479_0:5:750:427_1920x0_80_0_0_e36108ddd371f53b3eb5061d20efde93.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті.Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі сұхбат барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынастарының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы заманауи дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.Дегенмен бүгінгі таңда екі ел арасындағы байланыстарының әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударған Қазақстан президенті мысыр тарапын сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға шақырды.Сонымен қатар мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Әбдел Фаттах ас-Сиси мен мысыр халқына алғысын жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.Сұхбат соңында мемлекет басшысы Мысыр президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.
https://sputnik.kz/20210315/Islamda-ipotekamen-y-alua-bola-ma--azastan-men-Mysyr-orta-ptua-abyldaydy-16533614.html
мысыр
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23071479_89:0:662:430_1920x0_80_0_0_d06cd1d0c950fa9233100f3f65fda8b9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, мысыр
қасым-жомарт тоқаев, мысыр
Тоқаев Мысыр президентін Қазақстанға шақырды
Бүгінгі таңда екі ел арасындағы байланыстардың әлеуеті толық пайдаланылмай отыр, деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб Республикасының президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесті.
Мысыр тарапының бастамасымен ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі сұхбат барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мысыр қатынастарының тамыры терең болғанымен, екі ел арасындағы заманауи дипломатиялық қатынастардың орнағанына биыл 30 жыл ғана толғанын атап өтті. Осы мерзім ішінде екіжақты ынтымақтастықтың әртүрлі саласы бойынша бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді.
Дегенмен бүгінгі таңда екі ел арасындағы байланыстарының әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанына назар аударған Қазақстан президенті мысыр тарапын сауда-экономика саласындағы ықпалдастықты дамытуға шақырды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы қаңтар оқиғаларына қатысты алаңдаушылық танытып, ниеттестік білдіргені үшін Әбдел Фаттах ас-Сиси мен мысыр халқына алғысын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жағдайдың тұрақталғанын атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қайта құрудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру шаралары қабылданғанына тоқталды. Президенттің айтуынша, Қазақстан халқы болашаққа нық сеніммен қарайды.
Сұхбат соңында мемлекет басшысы Мысыр президентін Қазақстанға өзіне қолайлы мерзімде сапармен келуге шақырды.