https://sputnik.kz/20220224/tenge-bagam-alsiredi-23068604.html
Теңге бір күн ішінде 6,6%-ке әлсіреді
Теңге бір күн ішінде 6,6%-ке әлсіреді
Sputnik Қазақстан
Украинадағы жағдайға байланысты ұлттық валюта бір күн ішінде бірден 30 теңгеге әлсіреді
2022-02-24T17:18+0500
2022-02-24T17:18+0500
2022-02-24T17:18+0500
экономика
теңге
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23052560_0:0:3376:1899_1920x0_80_0_0_0e3138ec5ca9c332b9c455a487859116.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Украинадағы жағдайға байланысты ұлттық валюта бір күн ішінде бірден 30 теңгеге әлсіреді.Бейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық 17.00-дегі жағдай бойынша АҚШ долларына шаққанда 466,01 теңге деңгейінде аяқталды. Бұл сәрсенбідегі дәл сол уақыттағы сауда-саттықпен салыстырғанда 28,82 теңгеге жоғары.Күндізгі сессия барысында, 15.30-ға қарай доллар құны 465,99 теңгені құрады. Бұл 25 ақпанда ресми бағам саналады.Таңертеңгі сауда-саттықта, 11.00-ге қарай ұлттық валюта долларға шаққанда 452,49 теңгеге саудаланды.Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде бүгін долларды сату бағамы 470-471 теңгеге дейін жетті. Кейбір пунктерде шетелдік валюта сатылған жоқ.Бейсенбі күні таңертең РФ президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ресейліктерге жолдаған үндеуінде ол қазіргі жағдай "бізден табанды әрі жедел іс-қимылды талап етеді, Донбасстың халық республикалары Ресейден көмек сұрады" деп мәлімдеді.Кейінірек РФ Қорғаныс министрлігі Ресейдің Қарулы күштері Украина қалаларына ракеталық, авиациялық немесе артиллериялық соққы жасамағанын атап өтті: дәлдігі жоғары құралдармен әскери аэродромдар, авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандары, әскери инфрақұрылым істен шығарылды. Министрлік қарапайым халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты.Осы оқиғалар кезінде мұнай бағасы да өсті. Brent маркалы мұнай барреліне 105 доллардан саудалануда.
https://sputnik.kz/20220224/tenge-quldyray-ekonomist-bolzham-23058586.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/18/23052560_552:0:3283:2048_1920x0_80_0_0_21889958998fb12b9a475c61947ea04c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теңге ұлттық валюта украина қарулы қақтығыс экономика тенге доллар бағам курс
теңге ұлттық валюта украина қарулы қақтығыс экономика тенге доллар бағам курс
Теңге бір күн ішінде 6,6%-ке әлсіреді
Бейсенбі күні Мәскеу биржасындағы валюталық сауда-саттықта рубль доллар мен еуроға шаққанда нығая бастады
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Украинадағы жағдайға байланысты ұлттық валюта бір күн ішінде бірден 30 теңгеге әлсіреді.
Бейсенбіде Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық 17.00-дегі жағдай бойынша АҚШ долларына шаққанда 466,01 теңге деңгейінде аяқталды. Бұл сәрсенбідегі дәл сол уақыттағы сауда-саттықпен салыстырғанда 28,82 теңгеге жоғары.
Күндізгі сессия барысында, 15.30-ға қарай доллар құны 465,99 теңгені құрады. Бұл 25 ақпанда ресми бағам саналады.
Таңертеңгі сауда-саттықта, 11.00-ге қарай ұлттық валюта долларға шаққанда 452,49 теңгеге саудаланды.
Қазақстанның валюта айырбастау пунктерінде бүгін долларды сату бағамы 470-471 теңгеге дейін жетті. Кейбір пунктерде шетелдік валюта сатылған жоқ.
Бейсенбі күні таңертең РФ президенті Владимир Путин Украинаға қатысты арнайы әскери операция туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ресейліктерге жолдаған үндеуінде ол қазіргі жағдай "бізден табанды әрі жедел іс-қимылды талап етеді, Донбасстың халық республикалары Ресейден көмек сұрады" деп мәлімдеді.
Кейінірек РФ Қорғаныс министрлігі Ресейдің Қарулы күштері Украина қалаларына ракеталық, авиациялық немесе артиллериялық соққы жасамағанын атап өтті: дәлдігі жоғары құралдармен әскери аэродромдар, авиация, әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандары, әскери инфрақұрылым істен шығарылды. Министрлік қарапайым халыққа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты.
Осы оқиғалар кезінде мұнай бағасы да өсті. Brent маркалы мұнай барреліне 105 доллардан саудалануда.