Қоғам

Құпия ақпаратты жария еткен ЕЭК қызметкерлері жауапқа тартылады – парламент заң қабылдады

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаттар
Депутаттар - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және құпия ақпаратты жария еткені үшін комиссия қызметкерлерінің жауапкершілігін реттейді
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Парламент сенаты "Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғаринтің айтуынша, ЕАЭО-ның тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия құрылған сәттен бастап 10 жылға жуық уақыт өтті.
Осы кезеңде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бөлігінде бірыңғай саясаттың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасалды.
"Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру аясында өтініштерді қарау, тергеп-тексерулер жүргізу және істерді қарау сияқты қажетті ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік құпияға жататын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік билік органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан құпия ақпаратты сұратады және алады", - деді Жұманғарин.
Келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және құпия ақпаратты жария еткені үшін комиссия қызметкерлерінің жауапкершілігін реттейді.
Келісімге 2014 жылғы 12 қарашада Қазақстан, Ресей және Беларусь қол қойды. Қырғыз Республикасы мен Армения келісімге кейінірек қосылды.
Ратификацияланатын Хаттама редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу арқылы келісім мәтінін ЕАЭО туралы шартқа сәйкес келтіруге бағытталған.
Мысалы "тараптар" деген сөз "мүше мемлекеттер", "бірыңғай" деген сөз "жалпы", "қызметкерлер" деген сөз "лауазымды адамдар мен қызметкерлер" деген сөздерге ауыстырылды.
Парламент заңды бірауыздан қабылдады.
Жаңалықтар
0