Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасына 30 жыл толуына орай қандай іс-шаралар өтеді

© Sputnik / Владислав Воднев Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел
 Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстанда Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған "#большечем30" тарихи-танымдық жобасының тұсаукесері өтті
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылған "#большечем30" халықаралық тарихи-танымдық жобасының тұсаукесері өтті. Жобаны Нұр-Сұлтандағы Орыс үйі ұйымдастырды.
"Биыл біз Ресей мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуын тойлаймыз. Бұл жоба туралы ойлана келе, біз оны "больше, чем 30" деп атауды жөн көрдік. Жоба аясында екі мемлекет халықтары арасындағы ынтымақтастықтың, өзара іс-қимылдың көп ғасырлық тарихымен байланысты мәселелердің барлығын қамтуды көздеп отырмыз", - деді Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің жетекшісі, Ресей елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко.
© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтандағы Орыс үйінің жетекшісі, Ресей елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко
Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің жетекшісі, Ресей елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Нұр-Сұлтандағы Орыс үйінің жетекшісі, Ресей елшілігінің кеңесшісі Алексей Коропченко
Ресей тарих қоғамы жобаға серіктес болды. Тұтастай алғанда жобаға Қазақстан мен Ресейден академиялық институттар, жоғары оқу орындары, тарихи-мәдени бірлестіктер, талдау және сараптау орталықтары қатысуға ниетті.
"Жоба аясында біз Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының маңызды кезеңдері мен оқиғаларын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты қалыптастыруға әсер ететін үдерістерді зерделеу мен талдауға арналған дөңгелек үстелдер, конференциялар, пікірталастар өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Коропченко.
Бірінші дөңгелек үстел сәуір айында өтеді. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Мәскеу үшін шайқасқа және қазақстандықтардың осы тарихи оқиғаға қосқан үлесінің маңызына арналады.
Ал Ресей тарих қоғамы басқармасының төрағасы, "История Отечества" қорының атқарушы директоры Константин Могилевский қазақстандық жауынгерлерге қатысты құжаттар мен басқа да материалдарды Қазақстанға беру жоспарланып отырғанын атап өтті.
"#большечем30" жобасы аясында студенттер мен оқушылар арасында "Қазақстан – Ресей "#большечем30" эссе байқауы да өтеді.
"Байқауға Қазақстан мен Ресейдің жоғары сынып оқушылары, студенттері, магистранттары, докторанттары қатыса алады. Байқаудың міндеті – жастарды Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын зерделеуге тарту, Еуразиядағы қос мемлекет кеңістігінде болып жатқан үдерістерге тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, жастарды халықтардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу", - дейді Қазақстан білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған
Қазақстан білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Қазақстан білім және ғылым министрлігінің ғылым комитеті мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған
Эссе байқауының басымдық берілген тақырыптарына тарихи-гуманитарлық цикл жатады: Қазақстан мен Ресей халықтарының ежелгі дәуірдегі, орта ғасырлардағы және жаңа кезеңдегі қарым-қатынасы, славян және түркі тілдерінің синтезі мен өзара әсері, елдердегі мәдени ескерткіштер.
Сондай-ақ эксперттік сауалнама жүргізу жоспарлануда.
Байқау шарттары мен "#большечем30" жобасының іс-шаралар тізімі интернет-ресурстарда жарияланады.
Жаңалықтар
0