Экономика

Премьер-министр ЕЭК алқасының төрағасымен кездесті

© Sputnik / Владислав ВодневӘлихан Смайылов
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы былтыр 26,1 млрд долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 28%-ке жоғары
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттары жобасын дайындау, ЕАЭО аясында техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіру, сондай-ақ Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алдағы отырысын өткізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Смайыловтың айтуынша, өзара тиімді шешімдер қабылдауға басымдық беру ұйымбағытына толық сәйкес келеді. Мұны өзара сауданың едәуір өсуі көрсетіп отыр. Мәселен, ЕАЭО құрылғаннан бері Қазақстанның әріптес елдермен өзара саудасы 37,5%-ке, оның ішінде экспорт 33%-ке өсті.
"Біздің алдымызда түрлі салаларда, бірінші кезекте өнеркәсіптегі кооперация кәсіпорындарымен бірлесіп интеграциялық жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр", - деді Смайылов.
ЕЭК кеден ынтымақтастығы министрі Мақсат Мамытқанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2022
Экономика
ЕЭК қазақ-қырғыз шекарасында көліктердің тұрып қалуына қатысты түсініктеме берді
Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $26,1 млрд құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 28%-ке жоғары. Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне экспорт 2021 жылы 34,9%-ке өсіп, $7,6 млрд жетті. ЕАЭО елдерінен Қазақстанға импорт 2021 жылы 25,4%-ке артып, $18,4 млрд болды.
ЕЭК алқасының төрағасы Мясникович қазақстандық тараптың үйлесімді жұмысын атап өтіп, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қазіргі отырысының барлық мәселесі белгіленген тәртіпте қаралатынын айтты. Кооперацияны дамыту бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр.
Жаңалықтар
0