https://sputnik.kz/20220224/nur-sultann-bas-sanitar-undeu-23056051.html
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Наурыз мерекесі қарсаңында үндеу жасады
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Наурыз мерекесі қарсаңында үндеу жасады
Sputnik Қазақстан
Қалада вирустың мутацияға ұшырауы жалғасуда 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T12:59+0500
2022-02-24T12:59+0500
2022-02-24T13:50+0500
елорда тынысы
карантин
коронавирус
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1a/16622366_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_79655a270049894692cbadd632daebbc.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындардан наурыз мерекесі кезінде карантиндік шараларды сақтауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, қалада коронавирус жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі мен карантиннің жеңілдеуіне қарамастан, вирустың мутацияға ұшырауы жалғасуда. Соңғы жүргізілген секвенирлеу нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтанда қаңтардан бері "омикрон" штамы үстемдік етіп келеді. Сонымен қатар 29,4% - "дельта" штамм таралған. Бас санитар дәрігер "дельта" штамм ауыр өтетінін және көп жағдайда өлімге әкеп соғатынын ескертті. Бейсенова індеттен қорғанудың жалғыз жолы вакцинация екенін тағы бір мәрте атап өтті. Айта кетері, қазіргі таңда елордада вакциналауға жататын халықтың 71,5%-і бірінші компонент салдырса, 67,3%-і екінші доза алды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/1a/16622366_30:0:1151:841_1920x0_80_0_0_bb4ab01977c068796c3ac99d6fa38085.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
карантин, коронавирус
Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Наурыз мерекесі қарсаңында үндеу жасады
12:59 24.02.2022 (жаңартылды: 13:50 24.02.2022) Қалада вирустың мутацияға ұшырауы жалғасуда
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындардан наурыз мерекесі кезінде карантиндік шараларды сақтауды сұрады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Тәжірибе көрсеткендей, әр мерекеден кейін эпидемилогиялық жағдай карантиндік шаралардың сақталмауына байланысты нашарлайды. Сондықтан сіздерді мереке күндері қарсаңында қарапайым қауіпсіздік шараларын естен шығармауға шақырамын. Наурыз айындағы мерекелер эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және коронавирус жұқтырғандар санының өсуіне алып келмеуі керек", - деді Бейсенова елордадағы эпидемиологиялық жағдай туралы баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қалада коронавирус жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі мен карантиннің жеңілдеуіне қарамастан, вирустың мутацияға ұшырауы жалғасуда.
Соңғы жүргізілген секвенирлеу нәтижесі бойынша Нұр-Сұлтанда қаңтардан бері "омикрон" штамы үстемдік етіп келеді. Сонымен қатар 29,4% - "дельта" штамм таралған. Бас санитар дәрігер "дельта" штамм ауыр өтетінін және көп жағдайда өлімге әкеп соғатынын ескертті.
Бейсенова індеттен қорғанудың жалғыз жолы вакцинация екенін тағы бір мәрте атап өтті.
Айта кетері, қазіргі таңда елордада вакциналауға жататын халықтың 71,5%-і бірінші компонент салдырса, 67,3%-і екінші доза алды.