Қоғам

Экс-депутат Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі болды

© Sputnik / Абзал КалиевОрталық сайлау комитеті
Орталық сайлау комитеті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Сыдықов қызметінен босату туралы өтініш берген
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Парламент сенаты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовты қызметінен босатты. Ал оның орнына экс-мәжілісмен Шавхат Өтемісов тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Серік Сыдықовтың өкілеттігін тоқтату мәселесі қаралды.
Сыдықов қызметінен босату туралы өтініш берген. Сенаторлар Сыдықовты ОСК мүшесі қызметінен босату туралы қаулыны бірауыздан мақұлдады.
Осыдан кейін депутаттар Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесін тағайындады. Конституциялық нормаларға сәйкес, ОСК мүшесі қызметіне кандидатураны сенат төрағасы ұсынады.
"Осы құқықты пайдалана отырып ОСК мүшесі қызметіне Шавхат Әнесұлы Өтемісовтің кандидатурасын ұсынамын", - деді спикер Мәулен Әшімбаев.
Шавхат Өтемісов еңбек жолын ауыл мектебінің мұғалімі болып бастады. Аудан әкімі, облыс әкімі орынбасары қызметін атқарды. Ұзақ жылдар мәжіліс депутаты болып, заң шығару ісіне белсенді атсалысты.
2021 жылдың ақпанынан бүгінге дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппаратының басшысы болды.
"Шавхат Өтемісовтің мемлекеттік қызметте және парламентте жинаған мол тәжірибесі Орталық сайлау комиссиясының жұмысына тың серпін береді деп сенемін", - деді сенат спикері.
Парламент сенаты аталған кандидатураны мақұлдады.
Жаңалықтар
0