Brent мұнайының бағасы 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет 104 доллардан асты

© AP Photo / Tony GutierrezМұнай өндірісі
Мұнай өндірісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Әлемдік мұнай бағасы геосаяси жағдайдың нашарлауына байланысты 7%-ке қымбаттады, Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі жеткізілім құны 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет барреліне 104 доллардан асты, деп хабарлады РИА Новости.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.58-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерсінің бағасы барреліне 7,48%-ке өсіп, 104,09 доллар болды. Ол 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет барреліне 104 доллардан жоғары көтерілді.
Brent мұнайының мамыр фьючерсі 7,12%-ке өсіп, 100,75 долларға дейін қымбаттады; WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерсі барреліне 7,27%-ке өсіп, 98,8 долларға дейін өсті.
Жаңалықтар
0