Бозымбаев АЭС салу туралы: алға қарау қажет

© Sputnik / Владислав ВодневҚанат Бозымбаев
Қанат Бозымбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Бірнеше жылдан кейін электр энергиясының тапшылығы сезіле бастайды, дейді облыс әкімі
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев атом электр станциясының құрылысын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"АЭС туралы айтатын болсақ, нысанның құрылысын қолдаймын. Мен энергетика саласында біраз уақыт жұмыс істедім. Оны бәріңіз жақсы білесіздер. Ал тисті институттардың болжамына сәйкес, бірнеше жылдан кейін электр энергиясының тапшылығы сезіле бастайды. Қазірдің өзінде Қазақстанда энергияны тұтыну көлемі жылдам өсіп келеді. Экономика да өсіп жатыр. Сондықтан бізге базалық қуат көзі керек", - деді Бозымбаев баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, Семей ядролық полигонынан кейін Қазақстан қоғамында фобия, атомға қатысты қорқыныш қалыптасқан. Өйткені яролық сынақтардың салдарынан адамдар ауырып, көбісі қайтыс болған.
"Дегенмен бәрібір алға қарауымыз қажет. Біз осы мәселені мұқият зерделеп шығуымыз керек. Өзім министр болып жүргенде асыққан жоқпын. Біз келіссөздер жүргізіп, тендерлер өткіздік. Бәрін қарадық. Бағасын да зерделедік. Ірі мемлекеттерде тиімді жұмыс істеп жатқандарды көрдік. Соның ішінен үздік технологияны таңдауға тырыстық", - деп атап өтті әкім.
Облыс әкімі үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры атом электр станциясы салынатын жерді дұрыс таңдайды деп үміттеніп отыр.
"Әзірше АЭС қай жерде салынатыны белгісіз. Балқаштың жағасы бола ма, Ертіс немесе Каспий ме, оны мен де білмеймін. Бірақ суы көп жер болуы керек. Себебі реакторларды салқындату үшін су қоры қажет болады", - дейді Бозымбаев.
Жаңалықтар
0