https://sputnik.kz/20220224/ana-qyz-buyregin-qarzhy-23043790.html
Анасы қызына бүйрегін берді: қажетті қаржыны қазақстандықтар бес күнде жинады
Анасы қызына бүйрегін берді: қажетті қаржыны қазақстандықтар бес күнде жинады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде кішкентай Айару күніне 12 таблетка ішеді 24.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-24T08:42+0500
2022-02-24T08:42+0500
2022-02-24T08:47+0500
қоғам
шымкент
бүйрек доноры
https://sputnik.kz/img/617/21/6172119_0:126:1920:1206_1920x0_80_0_0_c8652a7b9653bd817d87fd53b6740cf6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Шымкент тұрғыны қызының бүйрек трансплантациясына донор болды. Бүйректі ауыстыру отасы Түркияда жасалды. Оған қаражатты қазақстандықтар жинап берген. Түркияда кішкентай Айару Қадірдің бүйрегін ауыстыру отасы сәтті өтті. Қазақстандықтар отаға қажетті 11 миллион теңгені бес күнде жинап берген, деп хабарлайды Otyrar порталы. Қызының өмірі үшін күресіп жүрген Мақпал Алтынбекова отаны елде жасауды жоспарлаған. Бірақ дәрігерлер артық салмақ бар деп, операцияға рұқсат бермеді. Содан ол Түркия мамандарының көмегіне жүгінген. Қазіргі кезде кішкентай Айару күніне 12 таблетка ішеді. Түрік дәрігерлері қыздың оңалу процесін бақылап отыр. "Барлық қазақстандықтарға шын алғысымды айтамын. Сіздер 5 күннің ішінде 11 миллион жинап, менің қызымды құтқардыңыздар. Жақсы адамдар көп екен. Сол адамдардың арқасында осы күнге жетіп отырмыз", - деп атап көрсетті Айарудың анасы. Мақпал қызын балетке бергісі келеді. Ал Айарудың өзі дәрігер болуды армандайды. Лондонды бағындырамын дейді. Айарудың жағдайы тұрақты болса да, ақшаға зәру. Анасы бала күтімі бойынша 100 мың теңгенің жәрдемақысын алады. Бірақ 60 мыңды ай сайын жалдамалы пәтерге беруге мәжбүр.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/617/21/6172119_0:0:1700:1275_1920x0_80_0_0_5e53c12c4108d9c70616acfa9898e0d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, бүйрек доноры
Анасы қызына бүйрегін берді: қажетті қаржыны қазақстандықтар бес күнде жинады
08:42 24.02.2022 (жаңартылды: 08:47 24.02.2022) Қазіргі кезде кішкентай Айару күніне 12 таблетка ішеді
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Шымкент тұрғыны қызының бүйрек трансплантациясына донор болды. Бүйректі ауыстыру отасы Түркияда жасалды. Оған қаражатты қазақстандықтар жинап берген.
Түркияда кішкентай Айару Қадірдің бүйрегін ауыстыру отасы сәтті өтті. Қазақстандықтар отаға қажетті 11 миллион теңгені бес күнде жинап берген, деп хабарлайды
Otyrar порталы.
Қызының өмірі үшін күресіп жүрген Мақпал Алтынбекова отаны елде жасауды жоспарлаған. Бірақ дәрігерлер артық салмақ бар деп, операцияға рұқсат бермеді. Содан ол Түркия мамандарының көмегіне жүгінген.
"Біз Түркияға барғанда өзара алмасу доноры боламыз деп ойладық. Бірақ ол жақтағы дәрігерлер менің Айаруға бүйрегімді бере алатынымды айтты. Негізі бұл барынша қауіпсіз жол. Себебі мен оның туған анасымын. Ал Қазақстанда бұған рұқсат берілген жоқ. Менің артық салмағым бар деді. Отаға дейін қызым өздігімен жүре алмайтын. Қазір күліп жүр, өзі қалаған тамағын жей алады. Енді, Айару барлық балалар сияқты өмір сүреді", - дейді Алтынбекова.
Қазіргі кезде кішкентай Айару күніне 12 таблетка ішеді. Түрік дәрігерлері қыздың оңалу процесін бақылап отыр.
"Барлық қазақстандықтарға шын алғысымды айтамын. Сіздер 5 күннің ішінде 11 миллион жинап, менің қызымды құтқардыңыздар. Жақсы адамдар көп екен. Сол адамдардың арқасында осы күнге жетіп отырмыз", - деп атап көрсетті Айарудың анасы.
Мақпал қызын балетке бергісі келеді. Ал Айарудың өзі дәрігер болуды армандайды. Лондонды бағындырамын дейді.
Айарудың жағдайы тұрақты болса да, ақшаға зәру. Анасы бала күтімі бойынша 100 мың теңгенің жәрдемақысын алады. Бірақ 60 мыңды ай сайын жалдамалы пәтерге беруге мәжбүр.