https://sputnik.kz/20220224/almaty-oblysy-qantar-oqigasy-23061958.html
Алматы облысының әкімі қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты
Алматы облысының әкімі қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты
Sputnik Қазақстан
Қанат Бозымбаев елордадан қосымша күш сұраған
2022-02-24T15:03+0500
2022-02-24T15:03+0500
2022-05-23T14:31+0500
алматы облысы
әкім
қаңтар
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/1137/00/11370068_0:41:3067:1766_1920x0_80_0_0_efea08424c542d7633eaa61eec24f1eb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғанда не болғанын және сол күндері өзі не істегенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Жаппай наразылықтың алғашқы күндері мен халық алдына шығып, түсіндіру жұмысын жүргізе бастадым. 4 қаңтар күні кешке наразылық білдірушілерден менің кабинетіме барып, барлық проблеманы талқылауды өтіндім. Түнгі бірге қарай митингке шыққандардың 30%-і үйлеріне тарады. Дау да, ұрыс-керіс те болды, халық ашулы еді, айғайлады. Бастысы – дәл сол күні қан төгілген жоқ, ал митинг тыныш аяқталды", - деді Қанат Бозымбаев.Алайда, оның айтуынша, 5 қаңтарда жағдай мүлдем өзгерген. Тәртіпсіздікке қатысқан 500-ден аса адам, негізінен жастар, әкімшілік ғимараттарды талқандап, өртеді. Тонау басталды."Мен әр аудан мен қаланың әкімдерімен сөйлестім. ҰҚКД басшылығымен бірге арнайы штаб құрдық. Оның құрамына полиция, Ұлттық ұлан және басқа ведомстволардың қызметкерлері кірді. Мен ІІМ-мен сөйлесу үшін Нұр-Сұлтанға ұшып шықтым, елордадан қосымша күш сұрадым. Облысқа арнайы жасақтар келді, антитеррористік операция басталды. Үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде тәртіп орнады", - деді Бозымбаев.Сондай-ақ өңір басшысы жергілікті билік Назарбаев ескерткішін қалпына келтіре ме деген сұраққа жауап берді. 2016 жылы Талдықорғанда бой көтерген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілер қиратып тастаған еді.
https://sputnik.kz/20220224/taldyqorgan-nazarbaev-eskertkishi-23059572.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1137/00/11370068_110:0:2839:2047_1920x0_80_0_0_9e785aff6f8e04fe41f6800b4c9e463d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы қанат бозымбаев жаппай тәртіпсіздіктер қаңтар оқиғасы беспорядки январьские события аким бозумбаев
алматы облысы қанат бозымбаев жаппай тәртіпсіздіктер қаңтар оқиғасы беспорядки январьские события аким бозумбаев
Алматы облысының әкімі қаңтар оқиғасы кезінде қайда болғанын айтты
15:03 24.02.2022 (жаңартылды: 14:31 23.05.2022) Облыс басшысы елордадан қосымша күш сұраған
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Талдықорғанда не болғанын және сол күндері өзі не істегенін айтып берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Жаппай наразылықтың алғашқы күндері мен халық алдына шығып, түсіндіру жұмысын жүргізе бастадым. 4 қаңтар күні кешке наразылық білдірушілерден менің кабинетіме барып, барлық проблеманы талқылауды өтіндім. Түнгі бірге қарай митингке шыққандардың 30%-і үйлеріне тарады. Дау да, ұрыс-керіс те болды, халық ашулы еді, айғайлады. Бастысы – дәл сол күні қан төгілген жоқ, ал митинг тыныш аяқталды", - деді Қанат Бозымбаев.
Алайда, оның айтуынша, 5 қаңтарда жағдай мүлдем өзгерген. Тәртіпсіздікке қатысқан 500-ден аса адам, негізінен жастар, әкімшілік ғимараттарды талқандап, өртеді. Тонау басталды.
"Мен әр аудан мен қаланың әкімдерімен сөйлестім. ҰҚКД басшылығымен бірге арнайы штаб құрдық. Оның құрамына полиция, Ұлттық ұлан және басқа ведомстволардың қызметкерлері кірді. Мен ІІМ-мен сөйлесу үшін Нұр-Сұлтанға ұшып шықтым, елордадан қосымша күш сұрадым. Облысқа арнайы жасақтар келді, антитеррористік операция басталды. Үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде тәртіп орнады", - деді Бозымбаев.
Сондай-ақ өңір басшысы жергілікті билік Назарбаев ескерткішін қалпына келтіре ме деген сұраққа жауап берді. 2016 жылы Талдықорғанда бой көтерген тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қаңтар оқиғасы кезінде наразылық білдірушілер қиратып тастаған еді.