Өңірлер

Алматыда қарт адамдарды алдаған “әлеуметтік қызметкер” ұсталды

© Sputnikархивтегі сурет
архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2022
Жазылу
Полиция алаяқтан зардап шеккендерге іздеу салды
НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан — Sputnik. Алматыда алаяқ әйел өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарт адамдарды алдап, ақшаларын ұрлаған7
Қарияларды алдаған күдікті Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны болып шықты.
"Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқ әйел пәтерге кіріп, өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырып, қандай да бір жәрдемақы аламын деген желеумен ірі көлемде ақша айырбастап беруді сұраған. Әңгімелесуші бөлмеге кіріп кеткен кезде, ақшаны ұрлаған. Келтірілген залал әртүрлі соманы құрады: бір зейнеткер ас үйге барып келгенше, қаскөй 1 миллион теңгені ұрлап, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта ұсталғанға қатысты екі бірдей эпизод дәлелденді", – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
1929 және 1930 жылы туған жәбірленуші зейнеткерлер күдіктіні таныды. Дегенмен, полицияда жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екені айтылады.
Егер алаяқ әйелдің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен басқа да азаматтар болса, полиция 8-708-707-92-02; 8-705-555-77-63; 8-775-719-27-27 нөмірлеріне хабарласуды өтінеді.
Жаңалықтар
0