Өңірлер

Жамбыл облысында құмнан тағы бір авиация бомбасы табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоУчения саперов
Учения саперов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Саперлер бомбаны залалсыздандыру үшін оқу-жаттығу полигонына алып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысының құмды аумағынан тағы бір авиация бомбасы табылды.
Байзақ ауданының полиция бөліміне 29 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі бұрынғы әскери полигон аумағынан снаряд табылғанын хабарлаған.
Табылған жерге дереу полиция департаментінің және 28349 әскери бөлімінің саперлері жіберілді.
"Оқиға орнына барғанда табылған снаряд "ОФАБ-100" үлгісінің жарықшақты-фугасты авиация бомбасы екені анықталды", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мұқият зерттеуден кейін саперлер бомбаны залалсыздандыру үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылының оқу-жаттығу полигонына алып кетті. Снаряд бір күн бұрын бірінші авиация бомбасы қазып алынған аумақтан табылған.
Еске сала кетейік, кеше, 22 ақпанда құқық қорғау органдары салмағы жарты тонна болатын бомбаның табылғанын хабарлаған болатын. Құмға көміліп жатқан күдікті зат туралы жергілікті тұрғын хабарлады.
Табылған снарядтар жергілікті тұрғындарды алаңдатпай қоймайды. 2021 жылдың 26 ​​тамызында дәл осы Жамбыл облысының Байзақ ауданында өрт шығып, артынан бірнеше жарылыс болды. Өрт 28349 әскери бөлімінің аумағынан шықты. Салдарынан 17 адам көз жұмып, бір адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қаза тапқандардың арасында азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері (өрт сөндірушілер мен құтқарушылар), қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері мен әскери прокурор бар.
Жаңалықтар
0