https://sputnik.kz/20220223/uqk-orynbasar-marat-osipov-23040918.html
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген ведомствоның бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді... 23.02.2022, Sputnik Қазақстан
2022-02-23T20:43+0500
2022-02-23T20:43+0500
2023-08-09T09:35+0500
ұлттық қауіпсіздік комитеті
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды.Өзге ақпаратты тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды.Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожиннің ұсталғаны туралы хабарланды.Бұған дейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатқаны хабарланған болатын. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр.Орынбасарлардың бірі – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық қауіпсіздік комитеті
ұлттық қауіпсіздік комитеті
ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды
20:43 23.02.2022 (жаңартылды: 09:35 09.08.2023) Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінген ведомствоның бұрынғы басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. 22 ақпанда лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдаланды деген күдікпен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіпов ұсталды.
"2022 жылдың 23 ақпанында сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Өзге ақпаратты тергеу мүддесіне байланысты жариялауға болмайды.
Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 6 қаңтарда қызметінен босатылды. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Сондай-ақ оның екі орынбасары – Әнуар Садықұлов ("А" арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы) мен Дәулет Ерғожиннің ұсталғаны туралы хабарланды.
Бұған дейін қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатқаны хабарланған болатын. Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр.
Орынбасарлардың бірі – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен босатылды.