Өңірлер

Тұман және көктайғақ: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

© Sputnik / Абзал КалиевАстанадағы тұман
Астанадағы тұман - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Елдің солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады
АЛМАТЫ, 23 ақпан – Sputnik. Қазгидромет 24-26 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктер болжамына сәйкес, алдағы үш тәулікте ел аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады. Соған байланысты жауын-шашын жаумайды.
Елдің солтүстік жартысында қар жауады, бұрқасын болып, 15-23 м/с дейін жел күшейеді.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болады.
Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде минус 5 градус, батысында 0-10 градус суық болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында 24 ақпанда -6°C, күндіз -3°C суық болады. 25 ақпанда қар жауады, түнде -5°C, күндіз -2°C көрсетеді. 26 ақпанда күн бұлтты болып, түнде -9°C, күндіз -3°C болады.
Алматыда 24 ақпанда күн ашық болады, түнде +1°C, күндіз +7°C болады. 25-26 ақпанда күн бұлтты, түнде +2°C, күндіз +7...+8°C көрсетеді.
Шымкентте 24 ақпанда күн бұлтты, түнде +1°C, күндіз +12°C жылы. 25 ақпанда түнде +3°C, күндіз +12°C көрстіп, күн бұлтты болады. 26 ақпанда күн бұлтты, түнде +1°C, күндіз +13°C болады.
 В столице Казахстана - Нур-Султане - сильная метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Тосынсый жасауы мүмкін: көктемде ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0