Өңірлер

"Өмірде бармыз, есепте жоқпыз": Шымкент тұрғындары билікке шағым айтты

© Sputnik / Тимур Батыршинүй
үй - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2022
Жазылу
Тұрғындар 25 жыл бұрын алған пәтерлерін рәсімдей алмай жүр
НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Шымкентте көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары билікке шағым айтты. Олар 25 жылдан бері пәтерлерін рәсімдей алмай жүр, деп хабарлады жергілікті Отырар порталы.
"Өмірде бармыз, бірақ есепте жоқпыз". Бұл Еңбекші ауданына қарасты, Қазығұрт бекеті маңындағы тұрғындардың жанайқайы. Олар мұндағы пәтерлерін 1998 жылы теміржол саласында еткен еңбектері үшін алған екен. Алайда баспаналарын әлі күнге дейін өз аттарына рәсімдей алмай келеді.
Әкімдік пен соттың арасында сандалып, тек бірнеше отбасы ғана үйлерін өз атына өткізіпті.
"Бұл жерде 40 отбасының ішінде бар-жоғы 10 адамда ғана құжаты бар. Қалғандары өте алмайды, неге өте алмайды, оны ешкім айта алмайды. Себебін айтады сот қанағаттандырылмасын дейді, одан әрі қарай түсіндірмейді. Қайта-қайта барамыз, содан кейін жұрт далбасалап әркім бір адвокатқа жалынып, содан кейін ол адвокаттар алатынын алады да, жоқ боп кетеді", - дейді тұрғындардың бірі Құлбек Қалжанов.
Еш жерде тіркеуде болмаған соң, жұрт сайлауда дауыс бере алмайды. Тіпті халық санағы жүргізілгенде санаққа енбей де қалады екен.
"Мегаполисте тұрып жатыр деген атымыз болмаса, өзіміз бір бөлек арал сияқтымыз" дейді тұрғындар. Көшелерінің атауы болмағандықтан, кісі ауырса, жедел жәрдемнің келуі де мұңға айналады.
Ал билік өкілдерінің бұған айтар өз уәжі бар.
"Бүгінгі таңда бұл тұрғындардың өздерінің тұрып жатқан пәтерлерін заңды түрде рәсімдеу үшін оларға өздері тұрып жатқан үйдің бағасын шығару керек. Яғни, сол құжаттарды тұрғын үй басқармасының теңгеріміне тапсыру керек. Сол құжаттар теңгерімге қабылдағаннан кейін тұрғындарға жекешелендіру мәселесі шешілетін болады", - дейді Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының бас маманы Гүлима Байсейітова.
Оның сөзінше, ширек ғасырға жуық уақыт бойы қалалықтардың мәселесі небәрі 1-2 айда шешуге болатын шаруа.
Жаңалықтар
0